Сайттың мәзірі

0208ruskaz2021 жылдың 2 тамыз күні аудандық мәслихаттың кестесіне сәйкес депутат Ж.Мұстафина Петропавлов ауылының азаматтарын қабылдады.
Депутат сұрақтарға жауап беріп, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу мәселелері түралы кеңес берді.

2907kaz2021 жылдың 29 шілде күні аудандық мәслихат хатшысы С.Аманжолов бастаған аудандық қоғамдық мониторинг тобы Желтау ауылдық округінің Петропавл, Ш.Қалдаяқов ауылдарындағы дүкендерде, дәріханаларда және «Ақтөбе-Орск» жол бойындағы кафелерде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізді.
Бұзушылықтар анықталған жоқ.

2607kaz2021 жылғы 26 шілдеде аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы онлайн режимде өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Депутаттар алдында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Бижанова аудан жастары арасында жұмыспен қамтуды жақсарту және жұмыссыздықты азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Мәселені талқылағаннан кейін депутаттар өз ескертулерін айтып, жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстарды енгізді. Қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Толығырақ...

2407kazАғымды жылдың 24 шілде күні аудандық мәслихат хатшысы С.Аманжолов бастаған аудандық қоғамдық мониторинг тобы Бадамша ауылдық округінің дүкендерінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізді.
Бұзушылықтар анықталған жоқ.

2307kaz22021 жылдың 23 шілде күні аудандық мәслихат хатшысы С.Аманжолов бастаған аудандық қоғамдық мониторинг тобы Бадамша ауылында бар, кафелерде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізді.
Бұзушылықтар анықталған жоқ.

2307rus2021 жылдың 23 шілде күні мәслихат депутаты Т.Глуханькова аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес Ащылысай ауылдық округінде азаматтарды жеке қабылдады.
Сұрақтарға жауап беріп, округ ауылдарын абаттандыру бойынша кеңестер берді.

2207ruskaz2021 жылдың 22 шілде күні мәслихат депутаты Ю.Баранов аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес Велихов ауылдық округінде азаматтарды жеке қабылдады.
Сұрақтарға жауап берді, жұмысқа орналастыру және ауылда бизнес ашу бойынша кеңес берді.

2007ruskaz2021 жылдың 20 шілде күні мәслихат депутаты А.Баймышев аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес Степной ауылдық округінде азаматтарды жеке қабылдады.
Сұрақтарға жауап бере отырып, "Бадамша-Степное" автожолының күрделі жөнделуіне депутаттық бақылау туралы айтып берді.

1907kazАудандық мәслихат депутаты Д.Черненко мониторинг топ құрамында округ әкімі А. Рзагуловпен бірге 2021 жылғы 19 шілдеде Желтау ауылдық округінің дүкендерінде санитарлық - эпидемиологиялық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізді.
Бұзушылықтар анықталған жоқ.

0707kaz2021 жылғы 7 шілде күні депутат Д.Черненко аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес Ш.Қалдаяқов ауылында азаматтарды жеке қабылдады.
Сұрақтарға жауап бере отырып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау бойынша субсидиялар алу мәселелері бойынша кеңес берді.

0207ruskazАғымдағы жылдың 2 шілде күні аудандық мәслихат депутаты Д.Сарина аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдады.
Сұрақтарға жауап берді. Жалғыз басты аналарға үй және жәрдемақы алу бойынша кеңестер берді.

astana dayСіздерді Елордамыздың күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстанның жас елордасы – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Бүгінгі таңда елдің төрі - елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды.
Сіздерге осындай мереке күні зор денсаулық, толағай табыс, бақ – береке және отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ізгі тілекпен Қарғалы аудандық мәслихатының хатшысы С.Аманжолов

2906kaz2021 жылғы 29 маусымда депутат А.Балғазин Кемпірсай ауылдық округінің Жосалы ауылында сайлаушылармен кездесу өткізді.
Жеке сипаттағы сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берді.

2806kaz2021 жылдың 28 маусым күні мәслихат депутаты А.Қартбаева аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес Бадамша ауылдық округінде азаматтарды жеке қабылдады.
Сұрақтарға жауап, кеңестер берді.

2605ruskaz2021 жылғы 25 маусымда аудандық мәслихат депутаты А.Қартбаева Бадамша ауылында ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының "Жол картасының" орындалуын түсіндіру бойынша сайлаушылармен кездесу өткізді.
Сұрақтарға жауап, кеңестер берді.

2406ruskaz22021 жылғы 24 маусымда аудандық мәслихат депутаты Т.Глуханькова Ащылысай ауылында ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының "Жол картасының" орындалуын түсіндіру бойынша сайлаушылармен кездесу өткізді.

2406ruskaz2021 жылдың 24 маусымында аудандық мәслихат депутаты С.Аманжолов "Депутатқа сұрақ қой" жобасы аясында онлайн режимде азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Аудан тұрғындарын аудандық мәслихаттың жұмысы және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәліметтермен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

2206kaz2021 жылдың 18 маусым күні мәслихат депутаты Т.Глуханькова аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес Ащылысай ауылдық округінде азаматтарды жеке қабылдады.
Сұрақтарға жауап беріп, жеке сектордан қоқыс шығару мәселесін шешуге көмек көрсетті.

1606kazАғымдағы жылдың 16 маусым күні депутат А.Балғазин аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес Кемпірсай ауылдық округінің азаматтарына жеке қабылдау өткізді.
Жеке сұрақтарға жауап беріп, «Кемпірсай-Жосалы» жолды жөндеу мәселеге ықпал жасайтының айтты.

1506ruskaz2021 жылдың 15 маусым күні мәслихат депутаты А.Баймышев аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес Степной ауылдық округінде азаматтарды жеке қабылдады.
Сұрақтарға жауап беріп, тұрғындарды сапалы телефон байланысымен қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алды.

1406kaz2021 жылдың 14 маусым күні депутат А.Байменшина аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес Әлімбет ауылдық округінің азаматтарына жеке қабылдау өткізді.
Жек сұрақтарға жауап беріп, вакцинация бойынша кеңес берді.

2021 жылдың 16 маусымында сағат 11.00-де Қарғалы аудандық мәслихаттың кезектен тыс 5-і сессиясы келесі мекен жайы бойынша өткізіледі: Қарғалы ауданы Бадамша ауылы Әбілқайыр хан көшесі 38, аудан әкімдігінің ғимараты, мәжіліс залы

Күн тәртібі:

1. Қарғалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы №544 «2021-2023 жылдарға арналған Қарғалы ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Аудандық мәслихаттың хатшысы С.Аманжолов

1006kazАудандық мәслихат депутаты Т. Глуханькова қоғамдық мониторинг тобының құрамында ағымдағы жылдың 10 маусым күні Ащылысай ауылдық округінің дүкендері мен мектептерінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізді.
Бұзушылықтар анықталған жоқ.

Қарғалы аудандық мәслихатының 7 шақырылымының 2021 жылғы 3 маусымдағы кезекті 4-і сессиясының №47 «Қарғалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы №317 «Қарғалы ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер туралы» шешімі негізінде.
Осыған орай, сіздердің назарларыңызға учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына келесідей өзгерістер, сондай-ақ олардың орналасқан орны туралы мәліметтерді ұсынамыз.

№245 сайлау учаскесі

Орталығы: Әлімбет ауылы, Қазақстан көшесі 63,
орта мектеп бала – бақша Тел:8(71342)29812

Комиссия мүшесі:
Кенгесова Ұлмекен Абдуллаевна

№253 сайлау учаскесі

Орталығы: Ш.Қалдаяқов ауылы Орынбасаров көшесі 1,
В.И.Пацаев атындағы орта мектеп тел:8(71342)26101

Комиссия мүшесі:
Казкеева Бибіт Мажитовна 

№257 сайлау учаскесі

Орталығы: Қос – Естек ауылы, Абай көшесі 104,
орта мектеп Тел:8(71342)24183

Комиссия мүшесі:
Аманжолов Ертай Аралбаевич

ҚР Президенті


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
tokaev
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті


Мемлекет басшысының жолдауы

memlekettyk kyzmet

Сенім телефоны

"Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңын және мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін Қарғалы аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлерімен бұзу мәселелері бойынша «Сенім» телефоны арқылы хабарласуға болады:

senim telefon

8 (71342)-22-2-91

anticor KZ