Сайттың мәзірі

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының

сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

Қарғалы аудандық мәслихатының VII шақырылымының 19 кезекті  сессиясының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 180 Қарғалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы №317 «Қарғалы ауданыдық сайлау комиссияларының учаскелік мүшілерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешіміне сәйкес, сайлау комиссияларының құрамына шығып қалғандардың орнына төменде көрсетілген мүшелерді енгізуді және олардың тұрған орындарын назарларыңызға жеткіземіз.

№ 240 учаскелік сайлау комиссиясы

Бадамша ауылы, Қонаев көшесі 17, аудандық мәдениет Үйі, тел. 22-0-05

Тасымова Кымбат Сабыржановна

№ 243 учаскелік сайлау комиссиясы

Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесі 17 б, № 1 Бадамша орта мектебі, тел. 22-0-34

Тулекбаева Динара Дархановна

 

 

№ 252 учаскелік сайлау комиссиясы, Петропавл, клуб, тел. 99-10-12

Рудь Анжелика Игорьевна

 

 

№ 257 учаскелік сайлау комиссиясы, Қосестек ауылы, мектеп, тел. 24-1-83

Абдулова Диана Байжановна

 

Состав избирательной комиссии - открыть


№241 сайлау учаскесі

Орталығы: Бадамша ауылы, Ә. Жангелдин көшесі, 7,
№ 2 Бадамша орта мектебі
тел. 8 (71342) 22-6-81
Комиссия мүшесі:
Коптенова Ләйла Үсенханқызы

№243 сайлау учаскесі

Орталығы: Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесі, 17 б,
№ 1 Бадамша орта мектебі
тел. 8 (71342) 22-0-34
Комиссия мүшесі:
Темірбаева Мәншүк Ғалымжанқызы

№246 сайлау учаскесі

Орталығы: с. Ащылысай, ул. Б. Момышұлы 43,
ауылдық клубы
тел. 8 (71342) 29-3-87
Комиссия мүшесі:
Бекібаева Айнагүл Мұхамбетқызы

№248 сайлау учаскесі

Орталығы: Бозтөбе ауылы, В Жука көшесі 39,
негізгі мектеп
тел. 8 (71342) 71-0-02
Комиссия мүшесі:
Ювакаева Алена Анатольевна

№249 сайлау учаскесі

Орталығы: Велиховка ауылы, Мектеп көшесі 13,
негізгі мектеп
тел. 8 (71342) 26-3-86
Комиссия мүшесі:
Ковалева Ольга Николаевна

№250 сайлау учаскесі

Орталығы: чапаев ауылы, Б. Момышұлы көшесі 55,
негізгі мектеп
тел. 8 (71342) 71-2-89
Комиссия мүшесі:
Келмағамбетова Рыстыгүл Сүндетқалиқызы

№255 сайлау учаскесі

Орталығы: Жосалы ауылы, Тың жер көшесі 32,
орта мектеп-балабақша
тел. 8 (71342) 26-5-08
Комиссия мүшесі:
Мурзабулатова Жанат Мамытқызы

 

 

Ақтөбе  облысы Қарғалы  аудандық мәслихатының  2022 жылғы 14 сәуірдегі учаскелік  сайлау  комиссияларының құрамына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы

ХАБАРЛАМА

 

Қазақстан  Республикасының «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  Конституциялық  Заңының  10 бабына  сәйкес  (бұдан  әрі – Сайлау  туралы  Конституциялық  Заң) Ақтөбе  облысы  Қарғалы  аудандық  мәслихаты  6 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы учаскедегі сайлаушылар санына байланысты ауданның аумақтық сайлау комиссиясымен  анықталды.

Қазіргі  сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 2024 жыл.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 14 сәуірден бастап 29 сәуірді  қоса алғанға дейін Қарғалы аудандық мәслихатына мынадай құжаттарды ұсынады:

 1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

 4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы мәліметтер нысандары, үміткерлердің  сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

         Мыналар:

      сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;

      сот iс-әрекетке қабілетсiз немесе iс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.

             Мәслихатқа ұсынылған барлық құжаттар қағаз форматта  қол қойылған, мөрмен расталған  және онда орындалған күні, орындаушы туралы белгі, аты-жөні және оның телефон номері  болуы  тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2022 жылдың  29 сәуірді қоса алғанға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:30-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 12:00-дан 13:30-ге дейін  жүргізіледі.

Қарғалы  аудандық  мәслихаты

Аманжолов С.А.. – Қарғалы аудандық мәслихатының хатшысы
Мәслихаттыңмекен – жайы: Қарғалы ауданы, с.Бадамша, Әбілқайыр хан көшесі38.
Жауаптытұлға – Даухаренов Ертуган Эргасенович, каб № 110  , қалааралық телефон коды (871342) , жұмыс телефоны 23-1-39, ұялыбайланыс 87053837866, факс 23-1-39, электрондық поштаның мекен-жайы maslihat_kargala@ mail.kz.

Қарғалы  аудандық  мәслихаты  6 учаскелік  сайлау  комиссияларына   мүшелерді  сайлайды:

п/п

Сайлау учаскесінің номері

Сайлау  комиссиясының  орналасқан жері

Учаскелік  сайлау  комиссияларының  құрамына  енгізу талап  етіледі.

1

2

3

4

 

1

№240

Бадамша  ауылы, Д.Қонаев көшесі  №17,  Аудандық мәдениет үйі

тел:8(71342)22005

2

2

№246

Ащылысай  а .Б.Момышулы көшесі, ауылдық клуб

тел. 8(71342) 29-3-87

1

3

№250

Акжайық ауылы, Б.Момышұлы  көшесі 55,негізгі мектеп

тел:8(71342)71289

3

Қарғала аудандық маслихаты

 

 

Ұсынымдарға  6-қосымша

Нысан

______________________________________________________

(мәслихаттың толық атауы)

____________________________________________________________

Кімнен ____________________________________________________

(өтініш  берушінің  аты-жөні)

тұратын: _____________________________________

(облыс, Астана қ., Алматы қ., Шымкент қ.,

____________________________________________________________

аудан,  елдімекен,  көше, үй, пәтер)

______________________________________________________

(қызметтік, пәтерлік, ұялы телефон нөмірлері)

 

Өтініш

Мен,_________________________________________________________________________

(өтініш  берушінің  аты-жөні)

Қазақстан   Республикасының  азаматы (азаматшасы) _____________________________________________________________________________

(саяси  партияның, өзге де қоғамдық  бірлестіктің  атауы,

жоғары  тұрған  сайлау  комиссиясының  жұмысқа  қатысуға  өз  келісімімді беремін ____________________________________________________________________________

                                      (сайлау  комиссиясының  атауы)

Сайлау  жүйесінде  жұмыс  тәжірибем бар ________________________________________

                                                                                                  ( иә, _ _ _ жыл / жоқ)

Өтелмеген  немесе  алынбаған  соттылығым  жоқ.

Мемлекеттік  саяси  қызметші  лауазымын  атқармаймын.

Қазақстан Республикасы  Парламентінің, мәслихатының депутаты, өзге де жергілікті  өзін-өзі   басқару  органдарының  мүшесі, соттарының  судьясы  болып табылмайды.

Заңда  белгіленген  тәртіппен  өтелмеген  немесе  алынбаған  соттылығының, соттың әрекетке  қабілетсіз, әрекет   қабілеті шектеулі деп тану туралы шешімінің болмауы тұрғысынан  уәкілетті  органдарға  сұрау  салулар  жіберу   үшін   өзінің   ЖСН-ін пайдалануға  өз  келісімімді  беремін.

"____"____________201__ жыл                                            _________________________

                                                                                                        (өтініш  берушінің  қолы)

Өмірбаяндық  мәліметтер:

 

Туған  күні  «____»    _______________ 19 _____ жыл

Жеке сәйкестендіру  нөмірі  (ЖСН)_________________________________________

Ұлты* _______________________________

Партияға  мүшелік * _____________________________________________________________________

Білім _________________________________________________________________

Мамандығы _________________________________________________________________

Жұмыс  орны  немесе  кәсібі ____________________________________________________

Атқаратын  лауазымы __________________________________________________________

Жеке  куәлік деректері __________________________________________________

                                                           (куәлік  нөмірі, қашан  және  кім  берді)

Комиссия  құрамын  қалыптастыратын  мәслихат  орналасқан  әкімшілік-аумақтық  бірліктің   аумағында  тұратын 18 жастан асқан  жақын туыстары  туралы  мәліметтерді қоса беремін**.

Ескертпе:

* Қазақстан  Республикасы   Конституциясының 19-бабының 1-тармағына сәйкес ұлттық және  партиялық тиесілігі  кандидаттың  қалауы  бойынша  көрсетіледі.

** Сайлау  комиссияларының  құрамына  жақын  туыстары (ата - аналары,  балалары, бала асырап  алушылары, асырап  алынған  балалары, ата-анасы  бір  және  ата-анасы  бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері  (қарындастары), аталары,   әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы)  кіре  алмайды.

                                                                                                                        Өтінішке  қосымша

Жақын  туыстар  туралы  мәліметтер __________________________________________________________________

                                                        (Өтініш  берушінің   аты-жөні)

р / с

Тегі, аты, әкесінің  аты (болған  жағдайда)

жақын  туыстар

ескертпе

   

әкесі

   

анасы

   

ұлы

   

қызы

   

ағасы

   

әпкесі

   

атасы

   

әже

   

немересі

   

жұбайы (зайыбы)

ҚР Президенті

tokaev
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті


Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

memlekettyk kyzmet

Сенім телефоны

"Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңын және мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін Қарғалы аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлерімен бұзу мәселелері бойынша «Сенім» телефоны арқылы хабарласуға болады:

senim telefon

8 (71342)-22-2-91

anticor KZ