Сайттың мәзірі

1.Жалпы ережелер

1.Осы Қоғамдық кеңес туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленіп және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ереже болып бекітілген
(бұдан әрі – Үлгілік ереже ).
2.Қоғамдық кеңестер - жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құратын консультациялық-кеңесші, бақылаушы органдар.
3. Мемлекеттік органдардың жанынан Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, бақылау органдары және коммерциялық емес ұйымдар "Қоғамдық кеңес" деген атауға ие бола алмайды және Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.
4. Қоғамдық кеңестер өз қызметінде Конституцияны, оған сәйкес келетін заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады және мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады: қоғамдық негіздегі қызметі, автономдық, дербестік, жариялылық және олардың мүшелерін кезең – кезеңмен ротациялау.
5. Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл Заңда көзделген тәртіппен іске асырылады.
6.Қоғамдық бақылау субъектілерінің қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау нысандарында жүзеге асырылатын, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған қызметі қоғамдық бақылау деп табылады. Қоғамдық бақылау:
1) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қоғамдық бақылау объектісінің қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу;
2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің және қоғамдық бақылау субъектілерінің мемлекеттік органның алқалы органдарының отырыстарына қатысуы;
3)мемлекеттік комиссиялардың құрамына қоғамдық кеңестердің мүшелерін қосу;
4) азаматтардың жеке немесе ұжымдық өтініштерін беру;
5) сұрау салулар беру
6) Қоғамдық кеңес айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
7) Қоғамдық мониторинг- қоғамдық бақылау субъектілері тарапынан мемлекеттік органдардың қызметін байқауды білдіретін қоғамдық бақылау рәсімі.
8) Қоғамдық тыңдау - Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 5) және 6) тармақшаларында көзделген мәселелерді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғамдық маңызы бар шешімдерін олардың қоғамдық мүдделерге сәйкестігі мәселесі бойынша жария талқылау үшін жиналыс өткізу арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау рәсімі
9) Қоғамдық сараптама – азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағымсыз факторларды болғызбау жөніндегі қоғамдық мүдделерді сақтау тұрғысынан зерттеу, талдау және бағалау үшін арнайы білімді және (немесе) тәжірибені қоғамдық бақылау субъектілерінің пайдалануына негізделген қоғамдық бақылау рәсімі.
10)Мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау қоғамдық бақылау рәсімі болып табылады және Қоғамдық кеңестің отырысында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелерін жария талқылауды білдіреді.

2. Қарғалы ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру

11.Қоғамдық кеңесті мемлекеттік органдардың өкілдерінен және
конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) қалыптастырады.
12. Жұмыс тобының сандық құрамын Қарғалы аудандық мәслихатының хатшысы айқындайды.(бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы)
1) Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспайды.
2) Жұмыс тобының сандық құрамын жұмыс тобының басшысы өзі айқындайды.
3) Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
13. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобы мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімдері, құжаттар тізбесі, өкілеттіктер және жұмыс тобы қызметінің өзге де мәселелері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Үлгілік ереженің негізінде әзірленген Қоғамдық кеңес туралы ережеде айқындалады.
14.Мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негіздегі - коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен , азаматтардың қатарынан Қоғамдық кеңестің жұмыс тобы құрамын қалыптастыру бойынша аудандық мәслихат хатшысының 2019 жылғы 01 ақпандағы №5 өкімі бекітілді.
15. Жұмыс тобы өз өкілеттілігін Қоғамдық кеңестің өкілеттілігінің мерзімі біткенде аяқтайды.
16. Жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады .
17. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
18. Қоғамдық кеңес тәртібінің қалыптасуы Үлгілік ережеде айқындалады.
19. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) Қарғалы аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
20.Қарғалы ауданының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамындағы 19 адамды жұмыс тобы айқындайды.
21. Қоғамдық кеңестің өкілеттілік мерзімі 3 жылды құрайды.

3. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру

22. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын аудандық мәслихаттың хатшысы ашады (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы), яғни ашық дауыспен төраға сайланады (Қоғамдық кеңестің төрағасы оның мүшелерінің арасынан сайланады , олар мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері), хатшы және Қоғамдық кеңес төралқадағы барлық құрам.
23.Қоғамдық кеңес мүшелері қатарынан Қоғамдық кеңестің қызмет басымдықтарына байланысты комиссиялар қалыптастырады.
24.Қоғамдық кеңес отырысы қажеттілікке байланысты өткізіледі. Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары қажеттілік бойынша әзірленіп, қоғамдық кеңес отырысында бекітіледі.
25. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.Қоғамдық кеңес мүшелерінің бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуына рұқсат етіледі.
26. Қоғамдық кеңес төрағасы өз құзыреті шеңберінде:
1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
2) осы Ережеге және отырыстың бекітілген күн тәртібіне сәйкес отырыста төрағалық етеді;
3) Қоғамдық кеңес мүшелерінен ұсыныстар келіп түсуіне қарай Қоғамдық кеңес шешімімен белгіленген тәртіппен кезектілік бойынша оларға сөз береді;
4) келіп түсуіне қарай Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысын дауыс беруге қояды;
5) дауыс беруді жүргізеді және оның нәтижелерін жариялайды;
6) Қоғамдық кеңес отырыстары хаттамаларының жүргізілуін бақылайды;
7) Қоғамдық кеңес атынан құжаттарға қол қояды;
8) Қоғамдық кеңес шешімдерін іске асыру бойынша қызметті үйлестіреді;
9) кеңесші дауыс құқығымен республикалық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органның отырыстарына қатысады;
10) өзі болмаған уақытта Қоғамдық кеңес төралқасының бір мүшесіне төрағаның міндетін атқару құқығын береді;
11) қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардан Қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралатын мәселелерге қатысты қосымша материалдарды сұратады.
Төраға өзі болмаған уақытта Қоғамдық кеңес төралқасының бір мүшесіне төрағаның міндетін атқару құқығын береді;
27. Қоғамдық кеңес хатшысы ұйымдастырушылық мәселелерді шешу, Қоғамдық кеңес отырыстарын дайындау және өткізу, Қоғамдық кеңестегі іс қағаздарды жүргізу, құжаттарды есепке алу және сақтау, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің іске асырылу мерзімдерін бақылауды қамтамасыз етеді:
1) Қоғамдық кеңес отырысын өткізу күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық пошта арқылы оның мүшелеріне отырысты өткізу уақыты мен орны, қарауға енгізілетін мәселелер тізбесі туралы хабардар етеді;
2)Қоғамдық кеңес мүшелерін шешім қабылдау үшін қажетті материалдармен, құжаттармен және ақпаратпен қамтамасыз етеді;
3) Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастырады;
4) Қоғамдық кеңес шешімдерінің жобаларын әзірлейді және Қоғамдық кеңестің барлық мүшелеріне үш жұмыс күні ішінде интернет-ресурс немесе электрондық пошта арқылы не қолма-қол жеткізеді;
5) Қоғамдық кеңестің қызметін қамтамасыз ету бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.
6) Қоғамдық кеңестің қызметіне байланысты құжаттар электронды және (немесе) қағаз түрінде хатшыда сақталады және Қоғамдық кеңестің өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін Қоғамдық кеңестің қызметіне қатысты құжаттар аудандық мәслихатта сақтауға беріледі.
Хатшы болмаған кезде оның функциялары Қоғамдық кеңес отырысының хаттамалық шешімімен Қоғамдық кеңес мүшелерінің біреуіне жүктеледі.
28. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша нысанда өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.
29. Қоғамдық кеңес мүшесінің денсаулық жағдайына байланысты не өзге де негіздер бойынша оның жұмысына қатысуы мүмкін болмаған жағдайда Заңда айқындалған тәртіпте Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша мүшеліктен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.
30. Қоғамдық кеңес Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері немесе мемлекеттік органның шешімі бойынша Қоғамдық кеңестің құрамына шыққан адамның қалған мерзіміне жаңа мүшені қосу туралы шешім қабылдайды.
31. Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді. Қоғамдық кеңестің төралқасы Қоғамдық кеңес комиссияларының қызмет бағыттары бойынша жұмыстарды үйлестіреді, Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады, Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

4. Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу тәртібі мен шарттары

32.Қоғамдық кеңестің негізгі жұмыс нысаны отырыстар болып табылады . Қоғамдық кеңестің отырысы ашық болып саналады.
33. Қоғамдық кеңестің отырысы Заңның 5 бабының 1 тармағында көрсетілген мәселелер бойынша өткізіледі.
34.Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.
35. Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.
36. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.
37. Жұмыс тобының отырыстарын төраға жүргізеді.
38.Отырыстың күн тәртібі Қоғамдық кеңес төрағасының жұмыс жоспарына, төрағаның, комиссиялардың, төралқа және Қоғамдық кеңес мүшелерінің енгізетін сұрақтарының негізінде қалыптасады.
39. Отырысқа шақырылған тұлғалар отырыс залында арнайы орындарға отырғызылады. Қоғамдық кеңес отырысының жұмысына шақырылған тұлғалардың араласуына және Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын мақұлдау немесе мақұлдамауды білдіруіне жол берілмейді.
40. Қоғамдық кеңестің отырысы хаттама түрінде рәсімделеді, оған төраға мен хатшы қол қояды.
41.Хаттамада тіркеледі:
1) отырыстың өтетін орны мен уақыты;
2) қатысушылар саны;
3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
4) күн тәртібі, есеп пен баяндаманың мазмұны белгіленеді.
42. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.
43. Мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдардың қарауы міндетті болып табылатын ұсынымдарды қабылдайды.
44. Қоғамдық кеңестің шешімдері Қоғамдық кеңес отырысына қатысушылардың жалпы санының басым дауысымен қабылданады. Шешімдер хаттамамен рәсімделеді, оған Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
45. Қоғамдық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер бойынша шешім қабылданған кезде Қоғамдық кеңестің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Тең дауыс санын жинаған жағдайда жұмыс тобы басшысының дауысы шешуші болып есептеледі.
46.Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шешімдер қабылдау тәртібі осы Ережеде айқындалады.
47. Қоғамдық кеңестер өз қызметін жүзеге асыру кезінде бір-бірімен теңдік және әріптестік шарттарында өзара іс-қимыл жасайды.
48. Қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің қызметін материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз ету аудан әкімдігі жүзеге асырады.
49.Қоғамдық кеңес бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) аудан мәслихатынын интернет – ресурс арқылы халықты Қоғамдық кеңес жұмысының нәтижелері туралы жылына 2 реттен сиретпей ақпараттандырады.
50. Ақпарат аудан мәслихатынын интернет – ресурсында және (немесе)бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылып, жарияланады.
5. Қоғамдық кеңестің мақсаттары мен міндеттері
51.Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады.
52. Қоғамдық кеңестің міндеттері болып табылады:
1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
2) жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;
3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.

6. Қоғамдық кеңестің өкілеттілігі

53.Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне мыналар жатады:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе Қарғалы ауданының аумағындағы дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларын, стратегиялық жоспарларын немесе аумақтағы дамыту бағдарламаларын талқылау;
3) аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;
4) аудан әкімі және мемлекеттік органның бірінші басшысының атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдау.
5)азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу; жергілікті атқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, сонымен қатар, әкімдердің тиісті аумақтарда карантин режимін енгізе отырып, карантиндік зоналарды белгілеу туралы ( жою) қабылданған шешімдерді көздейтін, карантинді белгілеу туралы (алып тастау) және (немесе) шектеу шаралары жағдайында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамада көрсетілген, сонымен қатар, табиғи және техногендік негіздегі төтенше жағдайлар оқиғасында хабарлама көзделген.
6) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;
8) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;
9) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу;
10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.
11) Жер қатынастары мәселесін үйлестіру бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару органының жұмысына қатысу.
54.Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, уәжді жауапты бір ай ішінде, ал 1) ,5) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде береді.

7.Қоғамдық кеңестердің және олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

55. Қоғамдық кеңестер мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына қол жеткізуге;
2) тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша атқарушы органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуға;
3) осы Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқығы бар.
56. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері:
1) Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;
2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;
3) жылына екі реттен сиретпей бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халыққа Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат беруге;
4) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырып, жариялайды.

8. Өтпелі және қорытынды ережелер

Қарғалы ауданының қоғамдық кеңесі туралы ереже жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне қолданылмайды, ол Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында регламент теледі.

ҚР Президенті


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
tokaev
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті


Мемлекет басшысының жолдауы

memlekettyk kyzmet

Сенім телефоны

"Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңын және мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін Қарғалы аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлерімен бұзу мәселелері бойынша «Сенім» телефоны арқылы хабарласуға болады:

senim telefon

8 (71342)-22-2-91

anticor KZ