Сайттың мәзірі

Қарғалы аудандық

 қоғамдық қенесінің 2022 жылғы 4 мамырдағы

 №1 хаттамасымен бекітілген

Қарғалы ауданының қоғамдық кеңесі туралы

ЕРЕЖЕ

  1. 1. Жалпы ережелер
  1. 1. Осы Қарғалы ауданының қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - ереже) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының (бұдан әрі - заң) 8 – бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 ақпанда № 22264 болып тіркелген) бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге (бұдан әрі-Үлгілік ереже) сәйкес әзірленді.

        2.Қоғамдық кеңес - жергілікті өкілді орган өз құзыретіндегі мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құратын консультациялық-кеңесші, бақылаушы орган.

3.Мемлекеттік органдардың жанынан Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган және коммерциялық емес ұйымдар «қоғамдық кеңес» атауына ие бола алмайды және Заңда  белгіленген  өкілеттіктерді  толық  көлемде иелене алмайды.

  1. 4. Қоғамдық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Президент пен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады және қоғамдық негіздегі қызмет, дербестік, дербестік, жариялылық, олардың мүшелерін кезең-кезеңмен ротациялау қағидаттарын басшылыққа алады.
  2. 5. Әр түрлі деңгейдегі қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
  3. 6. Қоғамдық бақылау-қоғамдық бақылау субъектілерінің қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау нысандарында жүзеге асырылатын, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған қызметі. Қоғамдық бақылау келесі жолдармен жүзеге асырылады:

2

1) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес қоғамдық бақылау нысанының қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаттарына негізделеді;

2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің және қоғамдық бақылау субъектілерінің мемлекеттік органның алқалы органдарының отырыстарына қатысуы;

3) мемлекеттік комиссиялардың құрамына қоғамдық кеңестердің мүшелерін қосу;

4) азаматтардың жеке немесе ұжымдық өтініштерін беру;

5) сұрау салулар беру;

6) Қоғамдық кеңес айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

  1. 7. Қоғамдық мониторинг-қоғамдық бақылау субъектілері тарапынан мемлекеттік органның қызметін байқауды білдіретін қоғамдық бақылау рәсімі. Занының 20- бабына.
  2. 8. Қоғамдық тыңдаулар - Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мәселелерді, сондай-ақ, мемлекеттік органның қоғамдық маңызы бар шешімдерін олардың қоғамдық мүдделерге сәйкестігі мәселесі бойынша жария талқылау үшін жиналыс өткізу арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау рәсімі.
  3. 9. Қоғамдық сараптама – қоғамдық бақылау субъектілерінің азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ, жеке тұлғалардың, елді мекендер мен өндірістік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін факторларды болғызбау жөніндегі қоғамдық мүдделердің сақталуы тұрғысынан зерттеу, талдау және бағалау үшін арнайы білімді және (немесе) тәжірибені пайдалануына негізделген қоғамдық бақылау рәсімі.
  4. 10. Мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау-Қоғамдық кеңестің отырысында мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін Заңның 5-бабының 1-тармағы 2),3),4),13) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша жария талқылауды білдіретін қоғамдық бақылау рәсімі.
  1. 2. Қарғалы ауданының

қоғамдық кеңесін қалыптастыру

  1. 11. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрамы мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және Заңда белгіленген тәртіппен конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан қалыптастырылады.
  2. 12. Жұмыс тобының сандық құрамын Қарғалы аудандық мәслихатының хатшысы айқындайды .

1) жұмыс органының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету;

2) Осы өкілдіктің дербес құрамын мәслихат хатшысы дербес айқындайды;

3

3) азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

  1. 13. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының сандық құрамы аудандық мәслихат хатшысының 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 өкімімен мемлекеттік органның өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан бекітілген.
  2. 14. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобы мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімдері, құжаттар тізбесі, өкілеттіктер және жұмыс тобы қызметінің өзге де мәселелері Үлгілік ережеде айқындалады.
  3. 15. Жұмыс тобының және оның басшысының өкілеттіктері Қоғамдық кеңес туралы ережені Қоғамдық кеңес бекіткеннен кейін тоқтатылады.

16.Қоғамдық  кеңестер мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтары арасынан жұмыс  тобы  болып қалыптастырылады.

17.Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан  ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

18.Қоғамдық кеңесті қалыптастыру тәртібі Үлгілік Ережемен айқындалады.

19.Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіледі және Қарғалы аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

  1. 20. Қоғамдық кеңестің сандық құрамы осы Заңның 2-1-бабының 2-тармағы 7) тармақшасының ережелері ескеріле отырып және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің ұсынымы негізінде бекітіледі.

          Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері өкілдерінің қатарынан-3 адам және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтардан-7 адам.

21.Қоғамдық кеңес өкілеттігінің мерзімі үш жылды құрайды.

3.Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру

  1. 22. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, онда ашық дауыс беру арқылы төраға (Қоғамдық кеңестің төрағасы оның мүшелері – мемлекеттік қызмет атқармайтын белгілі қоғам қайраткерлері арасынан сайланады), хатшы және қоғамдық кеңес төралқасының бүкіл құрамы сайланады.

         Бұл ретте мәслихат хатшысы Қоғамдық кеңес төрағасының келісімі бойынша Қоғамдық кеңес хатшысының міндетін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты бойынша тартылатын қызметкерге жүктейді.

         Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңестің мүшесі болып табылмайды.

4

23.Қоғамдық кеңес тұрақты комиссияларды, уақытша жұмыс органдарын, комитеттерді, сараптама топтарын қоғамдық кеңес мүшелерінің қатарынан Қоғамдық кеңес қызметінің басымдықтарына қарай қалыптастырады. Олар өз жұмыстарын Үлгілік ереженің 2-тарауының 2-параграфына сәйкес жүргізеді.

  1. 24. Қоғамдық кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

           Отырыс  Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.

         Қажет болған кезде Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары Қоғамдық кеңестің отырысында әзірленеді және бекітіледі.

  1. 25. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі. Қоғамдық кеңес мүшелерінің бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуына жол беріледі.
  2. 26. Қоғамдық кеңестің төрағасы өз өкілеттіктері шеңберінде:

1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

2) осы Ережеге және отырыстың бекітілген күн тәртібіне сәйкес отырыстарда төрағалық етеді;

3) Қоғамдық кеңестің шешімінде айқындалған тәртіппен Қоғамдық кеңес мүшелеріне олардан ұсыныстардың келіп түсуіне қарай кезектілік тәртібімен сөз береді;

4) Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын келіп түсу ретімен дауысқа салады;

5) дауыс беруді өткізеді және оның нәтижелерін жария етеді;

6) Қоғамдық кеңес отырыстарының хаттамаларын жүргізуді бақылайды

7) Қоғамдық кеңес атынан құжаттарға қол қояды;

8) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;

9) мемлекеттік органның отырыстарына кеңесші дауыс құқығымен республикалық және жергілікті деңгейлерде қатысады;

10) өзі болмаған уақытта Төрағаның міндетін атқаруды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне береді;

11) қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардан қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралатын мәселелерге қосымша материалдар сұратады.

         27.Қоғамдық кеңестің хатшысы ұйымдастыру мәселелерін шешуді, Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізуді, Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізуді, құжаттарды есепке алуды және сақтауды, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдерін бақылауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық кеңестің хатшысы:

1) Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оның мүшелерін отырыстың өткізілетін уақыты мен орны, қарауға шығарылатын мәселелердің тізбесі туралы электрондық пошта арқылы хабардар етеді;

2) Қоғамдық кеңес мүшелерін шешімдер қабылдау үшін қажетті материалдармен, құжаттармен және ақпаратпен қамтамасыз етеді;

3) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуді ұйымдастырады;

5

4) Қоғамдық кеңес шешімдерінің жобаларын дайындайды және ұсыныстар енгізу үшін бір жұмыс күні ішінде оларды интернет-ресурс немесе электрондық пошта арқылы не қолма-қол Қоғамдық кеңестің барлық мүшелеріне жеткізеді;

5) Үлгілік ереженің 3-тарауына сәйкес Қоғамдық кеңестің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі басқа да функцияларды жүзеге асырады;

6) Қоғамдық кеңестің қызметіне байланысты құжаттар хатшыда электрондық және/немесе қағаз түрінде сақталады және Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі өткеннен кейін Қоғамдық кеңестің қызметіне байланысты құжаттар аудандық мәслихатқа сақтауға беріледі.

            Хатшы болмаған кезде оның функциялары Қоғамдық кеңес отырысының хаттамалық шешімімен Қоғамдық кеңес мүшелерінің біріне жүктеледі.

28.Қоғамдық кеңестің қызметіне басшылықты жедел жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңестің төралқасы сайланады. Қоғамдық кеңес төралқасының құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы, Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның қатысуымен уәкілетті өкілі, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.

          Қоғамдық Кеңес Төралқасының отырыстарына осы Қоғамдық кеңестің мүшелері болып табылмайтын аудандық мәслихаттың депутаттары қатыса алады.

  1. 29. Қоғамдық кеңестің төралқасы:

1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;

2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;

3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;

4) Қоғамдық кеңес ұсынымдарының орындалу мониторингін жүзеге асырады.

  1. 30. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша нысанда өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.
  2. 31. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не заңда белгіленген тәртіппен өзге де негіздер бойынша Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.
  3. 32. Қоғамдық кеңес шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша немесе мемлекеттік органның шешімі бойынша Қоғамдық кеңестің құрамына жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.
  1. 4. Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу шарттары мен тәртібі
  1. 33. Қоғамдық кеңестер жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.

6

  1. 34. Қоғамдық кеңестің отырыстары Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша өткізіледі. Қоғамдық кеңестердің мүшелеріне өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында Заңның 7-бабында көрсетілген құқықтар берілген.
  2. 35. Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша Қоғамдық кеңестің отырысына қатысу үшін мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіподақ және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.
  3. 36. Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы хатшы кеңес мүшелерін олар өткізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
  4. 37. Қоғамдық кеңестің отырысы оған қатысушылар санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.
  5. 38. Қоғамдық кеңестің отырыстарын төраға өткізеді.
  6. 39. Отырыстың күн тәртібін Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарының, Төраға, комиссиялар, Төралқа және қоғамдық кеңес мүшелері енгізетін мәселелердің негізінде Төраға қалыптастырады.
  7. 40. Отырысқа шақырылған адамдар үшін мәжіліс залында арнайы орындар бөлінеді. Шақырылған адамдардың Қоғамдық кеңес отырысының жұмысына араласуына, қоғамдық кеңестің ұсынымдарын мақұлдауын немесе мақұлдамауын білдіруге жол берілмейді.
  8. 41. Қоғамдық кеңестің отырысы төраға мен хатшы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.
  9. 42. Хаттамада мыналар жазылады:

1) отырысты өткізу күні мен орны;

2) қатысушылардың саны;

3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

4) күн тәртібі, есептің және сөйлеген сөздердің мазмұны қамтылуға тиіс.

  1. 43. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.

44.Мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылатын ұсынымдарды қабылдайды.

  1. 45. Қоғамдық кеңестің шешімдері Қоғамдық кеңестің отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Шешімдер хаттамамен ресімделеді, оған Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
  2. 46. Қоғамдық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде Қоғамдық кеңестің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
  3. 47. Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шешімдер қабылдау тәртібі осы ережеде айқындалады.

7

  1. 48. Қоғамдық кеңестер өз қызметін жүзеге асыру кезінде бір-бірімен теңдік және әріптестік шарттарында өзара іс-қимыл жасайды.
  2. 49. Қажет болған жағдайда қоғамдық кеңестің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді аудандық мәслихат жүзеге асырады.
  3. 50. Қоғамдық кеңес бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) аудан мәслихатының интернет-ресурсы арқылы халықты жылына кемінде екі рет Қоғамдық кеңес қызметінің нәтижелері туралы хабардар етеді.
  4. 51. Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және (немесе) аудан мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылады.
  1. 5. Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері
  1. 52. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады.
  2. 53. Қоғамдық кеңестің міндеттері:

1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және жергілікті деңгейде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

2) Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын дамыту болып табылады;

3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

  1. 6. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері
  1. 54. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне  мыналар жатады:

1) Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың жобаларын, мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын, Қарғалы ауданының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын талқылау; ;

2) Қарғалы ауданының бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарларының, бағдарламаларының орындалуын талқылау;

3) аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;

4) аудан әкімінің және мемлекеттік органның бірінші басшысының жұмыс нәтижелері туралы есебін тыңдау;

4-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;

8

4-2) Мемлекеттік мекемелердің, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептерді талқылау;

5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою), карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, сондай-ақ, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау;

6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады;

7) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру;

9) қоғамдық бақылауды Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;

10) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және оны бекіту;

11) Мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қарғалы ауданы шегіндегі құқық қорғау органдары басшыларының заңдылықты қамтамасыз ету және адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мәселелері жөніндегі ақпаратын жергілікті деңгейде тыңдау;

12) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жұмысына қатысу.

  1. 55. 54 тараудың 2),3),4),4-1),4-2),6),7),8),9),11) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерді орындау қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға бір ай ішінде ұсынымдар енгізеді, ал 1), 5) тармақшалар бойынша он жұмыс күні ішінде дәлелді жауап береді.
  2. 56. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктерін іске асыру Заңның 4-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
  1. 7. Қоғамдық кеңестердің және олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

 

  1. 57. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:

9

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіруге;

2) тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша өзге де атқарушы жұмыс органдарының, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жұмысына қатысу арқылы жүзеге асырылады;

3) Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқығы бар;

4) Қоғамдық кеңесте қаралуға жататын азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.

Қоғамдық кеңестердің нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау үшін айқындау тәртібі Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеде айқындалады;

5) мемлекеттік органнан, жергілікті мемлекеттік басқару органынан Қоғамдық кеңес мүшесінің мәртебесін куәландыратын құжат алуға құқылы;

6) тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелерді талқылау үшін Қоғамдық кеңестің отырыстарына мемлекеттік органдардың өкілдерін шақыруға құқылы;

7) Ерекше тәртіп қолданыла отырып, жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, ауданның тиісті мемлекеттік органының мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссияларына қатысуға құқығы бар;

58.Қоғамдық кеңес және оның мүшелері өз қызметінде:

1) Конституцияның, оған сәйкес келетін Заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға міндетті;

2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асыруға міндетті;

3) жылына екі реттен жиі емес бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халыққа Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат беруге міндетті;

4) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) аудан мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті;

5) Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес қолжетімділігі шектелуге жатпайтын ақпаратты қоспағанда, дербес деректер субъектісінің келісімінсіз дербес деректерді таратпауға, сондай-ақ мемлекеттік органнан, жергілікті өзін-өзі басқару органынан немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінен алынған, мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

10

  1. 8. Өтпелі және қорытынды ережелер

Қарғалы ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ереже жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне қолданылмайды, ол Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасымен регламенттеледі.

ҚР Президенті

tokaev
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті


Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

memlekettyk kyzmet

Сенім телефоны

"Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңын және мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін Қарғалы аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлерімен бұзу мәселелері бойынша «Сенім» телефоны арқылы хабарласуға болады:

senim telefon

8 (71342)-22-2-91

anticor KZ