Сайттың мәзірі

Қарғалы аудандық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңына және басқа да өкілдік органдардың жұмысын реттейтін заңнамалық актілеріне сәйкес атқарады.
Мәслихаттың негізгі мақсаты халықтың қалауын білдіру, оларды жүзеге асыру шараларын айқындау, орындалуын бақылау,азаматтардың заңды мүдделерін және құқықтарын қамтамасыз ету.
Атқарушы органдар, барлық меншік нысандағы шаруашылық субъектілер, қоғамдық ұйымдармен өзара келісілген әрекеттерге сүйене отырып Қарғалы аудандық мәслихаты өз күшін келесі басымдылықтарды жүзеге асыруға бағыттайды:
- ауданның әлеуметтік- экономикалық даму деңгейін әрі қарай көтеру, өндіріске тиімділігі жоғары инновациялық технологияларды енгізу, шағын және орташа бизнес және жалпы кәсіпкерлікті қолдау;
- азаматтарға және ұйымдарға Қазақстан Республикасы Конституция нормаларын, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауға көмек көрсету;
- мәслихаттың күнделікті жұмысында демократиялық принциптерді ұстану, депутаттар, тұрақты комиссиялар, мәслихат аппаратының нормошығармашылық жұмысының тиімділігін арттыру;
- аудандық бюджетті қалыптастыру,орындалу,бюджеттік қаражаттарды нысаналы қолдануын бақылауды жүзеге асыру;
- тұрғындарды қорғау және қолдау бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру;
- ауданда заңдылықты және қоғамдық тәртіпті нығайту,өңір тұрғындарының құқықтарын және мүдделерін сенімді қорғау;
- қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.
2020 жылы белгіленген іс-шараларды жүзеге асыруға келесі сұрақтар қаралу жоспарлануда:

Аудандық мәслихаттың сессияларында қаралатын сұрақтар

I тоқсан

1. Қарғалы аудандық мәслихат хатшысының атқарылған жұмыстары бойынша есебі туралы.

II тоқсан

1. Аудан әкімдігінің 2019 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі.
2.2019 жылғы Бадамша ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есебі.
3. 2019 жылғы Желтау ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есебі.

III тоқсан

1.. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімі А. Қ.Жүсібалиевтың есебі туралы.

IV тоқсан

1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы.
2.Аудандық мәслихаттың экономика,қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі туралы;
3.Аудандық мәслихаттың әлеуметтік- мәдени даму,заңдылық, құқықтық тәртібі мәселелері және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі туралы;
4. Аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелері, экология және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі туралы.
Бұрын қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы ақпараттарды, сессияларда айтылған ұсыныстар мен сыни ескертулерді үнемі сессияларда қарауға енгізу. Сессия отырыстарында тұрақты комиссиялардың есептерін, депутаттық сауалдарды және басқа да жергілікті өкілді органдардың құзыретіне жататын сұрақтарды қарау. Қажеттілігі бойынша ауданның бюджетін нақтылау, оны орындау бойынша сұрақтары.

ҚР Президенті

tokaev
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті


Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

memlekettyk kyzmet

Сенім телефоны

"Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңын және мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін Қарғалы аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлерімен бұзу мәселелері бойынша «Сенім» телефоны арқылы хабарласуға болады:

senim telefon

8 (71342)-22-2-91

anticor KZ