Сайттың мәзірі

Қарғалы ауданының мәслихаты өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң және мәслихат жұмысының регламентіне сәйкес жүргізеді.

Біз заңнамамен берілген өкілеттіктерді тиімді пайдалана отырып,  Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауындағы стратегияны қолдайтынымызды, депутаттық белсенділікті арттырып, атқарушы билікпен, ауылшаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен, бизнес құрылымдарымен бірлесіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру  бағытында  жұмыс  жасаудамыз.

Бүгінгі  таңда аудандық  мәслихаттың  депутаттық  корпусы 11 депутаттан тұрады. Мәслихат  қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер шешіледі.

Аудандық мәслихат депутаттары 2021 жылы 13 сессия өткізді, оның ішінде 5 - еуі кезекті және 8 - і кезектен тыс сессия. Депутаттар аудандық бюджетті нақтылауды 2021 жылы 9 рет, оның ішінде, аудан бюджеті бойынша - 5 және ауылдық округ бюджеті  бойынша - 4 рет жүргізді. Барлық жүргізілген нақтылаулар, бірінші кезекте, қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлумен және басым мәселелерді шешуге бағыттаумен байланысты болды.

Есепті  жылы барлығы мәслихаттың 105 шешімі қабылданды. Оның ішінде, 27 шешім нормативтік-құқықтық сипатқа ие болды. Аудандық мәслихаттың қолданыстағы нормативтік - құқықтық актілеріне өзгерістер енгізуді ескере отырып, әділет органдарында 14 нормативтік - құқықтық акті тіркелді. Бүгінгі күні қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің жалпы саны - 18.

Заңнаманың серпінді дамуына және жаңғыртылуына байланысты, сондай-ақ, бекітілген  кестеге сәйкес, тұрақты негізде әзірлеуші органдармен бірлесіп мәслихаттың қолданыстағы нормативтік-құқықтық шешімдеріне мониторинг жүргізіледі, қолданыстағы актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар уақытылы енгізіледі.

Жалпы, аудандық мәслихат сессиясының шешімімен бекітілген  Қарғалы аудандық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары толық көлемде орындалғанын атап өткім келеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихат депутаттары өз өкілеттіктерін мәслихаттың тұрақты комиссиялары арқылы да жүзеге асырады.

Алтыншы шақырылымның жұмысы басталғаннан бері Қарғалы аудандық мәслихатында үш тұрақты комиссия өз қызметін жүзеге асыруда. Өткен кезеңде мәслихаттың тұрақты комиссиялары мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға және ауылдық округтердегі сайлаушылармен тікелей байланысқа баса назар аударып,біршама  жұмыстар жүргізді.

20 өзекті мәселе, оның ішінде, аудандық мәслихат сессиясына енгізілген бюджет бойынша  шешімдердің  жобаларын қарау бойынша 9 мәселе қаралды. 20 отырыс өткізілді, оның ішінде, Степное ауылдық округінде 1 көшпелі отырыс өтті. Отырыс қорытындысы бойынша бюджет жөніндегі материалдар мәслихат сессиясына бекітілуге жолданды. Мемлекеттік ұйымдарға 46 ұсыныс жолданды. Депутаттардың барлық ұсыныстарына   тиісті жауаптар берілді.

Барлық отырыстар тұрғындардың, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің, аудандық Қоғамдық кеңестің, бұқаралық ақпарат құралдарының және мемлекеттік ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңейтілген форматта өтеді.

Мәселен, «Әлеуметтік маңызы бар азық–түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» мәселені қарастырар алдында депутаттар сауда нүктелеріне барады. Рейд  қорытындысы бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында аудан орталығындағы және ауылдық округтердегі сауда нүктелерімен меморандумдар жасалды.

 Сонымен қатар, депутаттар аудандағы әлеуметтік нысандардың  құрылысын үнемі бақылап отырады.

  Ағымдағы жылы  «Депутаттық бақылау» аясында депутаттар 41 құрылыс  және  жөндеу  нысандарын аралады.

       2021 жылғы желтоқсан айында мәслихат сессиясында комиссия төрағалары өз жұмыстары  туралы есеп берген болатын.

Депутаттар аудандық жедел штаб пен (Коронавирус COVID-19) бойынша мониторингтік топтардың қызметіне белсенді қатысты. Сауда нүктелеріне, дәріханаларға және басқа да маңызды нысандарға бірінші кезектегі қажетті азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізу және дезинфекциялау іс-шараларын өткізуге жүйелі түрде барады. Мониторингтік топтардың 43 рейдіне қатысып, 173 нысанды аралады.

Қарғалы аудандық мәслихатының депутаттары мониторингтік топтардың құрамымен аудандағы кейбір шектеулерді енгізу кезеңіндегі әрекет ету тәртібі, үйде оқшаулау ережелері туралы аудан кәсіпкерлері мен тұрғындарына консультативтік-түсіндіру және практикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ, мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеттері түрінде қайырымдылық көмек берді.

Жыл бойы 51 қайырымдылық акциясына қатысып, мұқтаж отбасыларға жалпы сомасы 1 693 000 теңгеге материалдық көмек көрсетті.

Азаматтардың келіп түскен өтініштеріне тез және анық жауап берілді. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында және аудандық мәслихаттың сайтында жарияланды.

2021 жылы 102 қабылдау өткізіліп, 120 мәселе қаралды.

       Сайлаушылармен 26 кездесу өткізіліп, оған 523 сайлаушы қатысты.

Барлық мәселелер бойынша шаралар қабылданып, консультативтік көмек берілді. Негізінен, материалдық көмек көрсету, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, жұмысқа орналастыру, тұрғын үй бөлу, жолдарды жөндеу және тазарту, халықты сумен қамтамасыз етуді жақсарту мәселелері бойынша жүгінеді.

Сайлаушылардың мәселелерін шешу үшін депутаттық сауалдар, өтініштер, хаттар тиісті ұйымдарға жіберіледі.

        Есепті кезеңде 10 депутаттық сауал жолданды, қойылған мәселелер ішінара шешілді.

Талдау нәтижелеріне сүйене отырып, депутаттық сауалдардың негізгі бөлігі әлеуметтік салаға, тұрғын үй беру және денсаулық сақтау мәселелеріне арналғанын атап өткен жөн, олардың кейбірін атап өтетін  болсақ:

Қайрақты ауылында мобильді  байланыс пен жылдамдығы жоғары интернеттің болмауы. Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясының басшысы Г.Сүйенбаевтың жауабына сәйкес Қайрақты ауылында базалық станция орнату арқылы антенна - діңгек құрылысын салу мәселесі 2022 жылдың соңына дейін шешілетін болады. Орнатуды «Кселл» АҚ жүргізеді (мәселе шешілу сатысында).

Көктемгі - күзгі кезеңде Петропавловка ауылының көшелерін су басу. Осы мәселені шешу мақсатында «Петропавловка ауылында  су  бұрудың сыртқы жүйесін салу» жобалық - сметалық құжаттамасын дайындау үшін жергілікті бюджеттен 1 100 000 теңге бөлінді. Тиісті құжаттарды дайындағаннан кейін осы нысанда құрылыс - монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу мәселесі қаралатын болады.

Петропавловка ауылының тұрғыны, көп  балалы  ана Л.Струцкойға  ауданның коммуналдық меншігінен тұрғын үй беру туралы. Бұл мәселе 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Петропавловка ауылында тұрғын үй сатып алу жолымен шешілді. Азаматша Л.Струцкойға ауданның коммуналдық меншігінен тұрғын үй берілді.

Барлық жолданған сауалдар аудан депутаттарының бақылауында.

Депутаттар сондай-ақ, түрлі аудандық іс - шараларға белсенді қатысады, 2021 жылы 125 қоғамдық, мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шараларға қатысты.

ҚР Президентінің  халыққа  жолдаған Жолдауынан соң, Қарғалы аудандық мәслихат депутаттары аудан тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді дәстүрге айналды. Барлық депутаттар осы аталған жұмысқа қатысты.

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және азайту туралы мәселе мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Жалпы, бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Берілген өкілеттіктерді іске асыру барысында туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмыс нәтижелері қанағаттанарлық деп танылды. Комиссия жұмысы барысында депутаттар бірқатар ұсыныстар енгізді, сондай-ақ Қарғалы ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық комиссиясының құрамына аудан жұртшылығының өкілдерін қосу ұсынылды.

Аудандық мәслихат жанында депутаттық бірлестік жұмыс жасайды: «Аманат» партиясының фракциясы. Партия филиалының консультативтік-кеңесші органдарында 9 депутат жұмыс істейді. Депутаттар аудан әкімі жанындағы түрлі кеңестер мен  комиссиялардың жұмысына  белсенді  қатысады.

Жоғарыда атап өткенімдей, депутаттар тұрақты негізде «Аманат» партиясының аудандық филиалымен бірлесе отырып, мердігерлермен кездесіп, өз ескертпелерімізді айтып, нысандар құрылысының барысына бақылау жүргіземіз.

       Партия депутаттары өздерінің сайлау округтері бойынша  жиындарға қатысады, партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде  және жұмыс орындарында азаматтарды қабылдайды. Депутаттар «Аманат» партиясының филиалында 46 азаматтар  қабылдауын жүргізді,  90 азамат қабылдауда  болды.

ҚР заңнамасына сәйкес қоғамдық кеңестер халық пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Осы жылы Қоғамдық кеңестің әрекет ету мерзімі аяқталды, осыған байланысты, ауданның Қоғамдық кеңесін қалыптастыру рәсімі өткізіліп Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітілді.

Аудандық мәслихат қоғамдық кеңеспен мақсатты түрде ынтымақтастық саясатын жүргізеді. Тәжірибеге Қоғамдық кеңес мүшелерінің аудандық мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссияларының отырыстарына міндетті түрде қатысуы, сондай-ақ, депутаттардың ауданның қоғамдық кеңесінің отырыстарына қатысуы кірді. Аудандық Қоғамдық кеңестің өкілеттігіне нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қарау және тағы басқалар кіреді. Қоғамдық кеңестер нормативтік құқықтық  актілердің  жобасы бойынша ұсынымдар шығарады, бұл нормативтік құқықтық актіні қабылдау немесе оны қабылдаудан бас тартуға  негіз болып табылады.

Президент белгілеген мемлекеттік саясат бағытына сәйкес, аудандық мәслихаттың жұмысы, депутаттардың қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде сайтта және әлеуметтік желілерде 189 материал жарияланды.

Мәслихат аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады, 5 адамнан тұрады, мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді. Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қызметі  Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің тапсырмасына сәйкес аудандық мәслихат аппараты аудандық мәслихат сессиясы отырыстарының «Аitube» платформасында онлайн-трансляциялау жүйесін енгізді.

ҚР Президенті

tokaev
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті


Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

memlekettyk kyzmet

Сенім телефоны

"Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңын және мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін Қарғалы аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлерімен бұзу мәселелері бойынша «Сенім» телефоны арқылы хабарласуға болады:

senim telefon

8 (71342)-22-2-91

anticor KZ