Сайттың мәзірі

Сәлеметсіздер ме! Мен БЖЗҚ қосымшасын жүктеп алғанмын және екі-үш күн сайын жеке зейнетақы шотымнан үзінді көшірмемді қарап, тексеріп отырамын. Байқағаным, сома үнемі өзгеріп отырады, оның тек көбейіп қана қоймай, кеміп отыратын кездері де болады. Неге олай болатынын түсіндіріп беріңіздерші?

Үзінді көшірмеден Сіз зейнетақы жарналары мен түскен қаражатты инвестициялаудан алынған инвестициялық табыстан тұратын зейнетақы жинақтарының сомасын көресіз.
Естеріңізге сала кетейік, жеке зейнетақы шотына келіп түскен зейнетақы жарналары БЖЗҚ-да сақталып қана қоймайды, оны зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. Ұлттық Банк зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне және БЖЗҚ инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялау лимиттеріне инвестициялайды.

Толығырақ...

Еліміздің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны сәтті атқарып келе жатқандарына да жылдың жүзі болып қалды. Қазпошта операторларын оқыту шарасы өткізілгеннен кейін зейнетақы қызметтері БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ елді мекендерде енгізілді. Енді салымшылар бұрын таяу жерде орналасқан ірі елді мекендерге бару керек болған қызметтерді еш қиындықсыз ала алады. Тек өткен жылдың өзінде ұлттық пошта желісі операторының шамамен 200 бөлімшесі іске қосылды. Ал 1 маусымнан бастап бұл сан 300 бөлімшеден асып түсті. Әсіресе Қарағанды және Түркістан облыстарында БЖЗҚ қызметтері көрсетілетін Қазпошта бөлімшелерінің саны тиісінше, 44 және 19 бөлімшеге толықтырылады.

Толығырақ...

Қайырлы күн, осыдан екі апта бұрын мен күйеуіммен ажырастым. Енді бізді алда сот күтіп тұр. Мүліктерді бөлісеміз. Менің сұрайын дегенім, зейнетақы жинақтары жұбайлардың бірге жинаған ортақ мүлігі болып табыла ма?
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезінде жинаған мүлкі олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету ерлi-зайыптылардың екеуінің келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Алайда зейнетақы активтері заттық құқықтар тобына жатады. Яғни, зейнетақы жинақтарының иесі және оның зайыбы бұл жинақтарға зейнет жасына толғанда немесе заңнамада көрсетілген басқа да жағдайлар туындамай жатып иелік ете алмайды.
Осылайша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жатқан және алынбаған зейнетақы жинақтары ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болып табылмайды.

Толығырақ...

Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне және «БЖЗҚ» АҚ-тың 2018 жылы атқарған қызметіне қатысты сенімсіз, жалған ақпараттар тарап кетті.Азаматтар үшін анық, шынайы ақпараттыңқажеттілігін ескере отырып, «БЖЗҚ» АҚ мына мәліметтерді хабарлайды:

Толығырақ...

Биыл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Жастар жылы аясында 7 қазан мен 1 қараша аралығында қазақстандық жоғары оқу орындары бакалавриатының студенттері арасында - «Болашағың өз қолында!/Твоё будущее в твоих руках!» атты тақырыпта студенттік жобалар байқауын ұйымдастырады. Оған барлық ниет білдіруші студенттер мамандықтары мен оқыту нысанына қарамастан қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін студент жеке өзі немесе командасымен (төрт адамнан аспайды) бірге жоба әзірлеуі қажет. Ол жинақтаушы зейнетақы жүйесінің маңыздылығы, жеке зейнетақы шотына жарна аударып, жинақ ақшаны молайту және ерікті жинақтарды қалыптастыру арқылы болашақта лайықты зейнетақы алуға болатындығы туралы ақпаратты халыққа тиімді жеткізуге бағытталуы тиіс. Яғни, ақпаратты әр түрлі байланыс арналары (мысалы, БАҚ-пен жұмыс істеу бойынша жоба, бейнеролик, тележобалар және т. б. ), IT шешімдер (ойындар, арнайы қосымшалар және т. б.) және басқа да әдістер арқылы халыққа жеткізетін дайын әрі тиімді шешім болуы қажет.
Қиялға ерік беріп, тың идеялар ұсынуға шек қойылмайды! Үздік идеялар үшін бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Олардың ішінде ұялы телефондар, планшеттер және басқа да сыйлықтар бар.
Талпынып, әрекет етіп көр, жас дос! Дәл осы байқау сенің өміріңе оң өзгерістер енгізуі ғажап емес! Дәл сенің жобаң Қордың салымшылары мен алушылары арасында сұранысқа ие болуы мүмкін! Толық ақпарат Қордың www.enpf.kz сайтының «Жаңалықтар» бөлімі мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында.
Жұмыстарды, бейне сәлемдесу, арнайы нысан бойынша қатысушының өтінімі, сондай-ақ суреттер мен фотосуреттерді Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына жіберу керек. Сұрақтар туындаған жағдайда «БЖЗҚ» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментіне 331-66-99 (ішкі 5220) телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Мен таяуда жұмыстан шығып, «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураға түстім. Мен бұл жағдайда зейнетақы жарнасын төлеймін бе?

Жоқ, төлеуге міндетті емессіз. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес білім алу ұйымдарынан берілетін шәкіртақылардан, ҚР Үкіметі бекіткен мемлекеттік атаулы шәкіртақылардан және ҚР Президентінің арнаулы шәкіртақыларынан міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды және Қорға аударылмайды.

Толығырақ...

Менің жалақы мөлшерім аса көп емес, демек БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлемеуіме болады ма?

Жоқ. ҚР барлық азаматтары ай сайынғы зейнетақы жарналарын төлеп, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға міндетті. Зейнетақы жарналарының жиілігі жинақ көлеміне ғана байланысты емес, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі өтілге де байланысты. Жүйедегі өтіл базалық зейнетақыға тікелей әсер етеді. Зейнетке шығуға әлі уақыт бар болса да, банктерден несие алған кезде ай сайынғы зейнетақы жарналары маңызды көрсеткіш болып табылады. Бұл сіз үшін жүйеге белсенді қатысудың тағы бір ынталандырушы көрінісі.
Қазақстан Республикасның «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Занының 24 бабында тек белгілі санаттағы тұлғалардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылатыны туралы жазылған:

Толығырақ...

Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын халықаралық ұйымдарда, шет мемлекеттердің Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін қазақстандық азаматтар міндетті зейнетақы жарналарын қалай төлейді?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 369-бабы 2 тармағына сәйкес Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің елімізде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде жұмыс істейтін отандастарымыз міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша құқықтық қатынастарға қатысуға құқылы. Бірақ міндетті емес. Дегенмен Қордағы жеке шотыңызға зейнетақы жарналарын тұрақты аударып отыру жинақтарыңыздың көлеміне, сәйкесінше болашақ зейнетақыңыздың қомақты болуына оң әсерін тигізеді.

 

Толығырақ...

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) берілетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы (ЖТС) салынады.
Егер зейнетақы төлемдерін алушы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін:
Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған адам;

Толығырақ...

«Қыс шанаңды жаз сайла...»
немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба?
«Бейнет түбі – зейнет» демекші, ұзақ жылдарға созылатын еңбек жолынан кейін адамдардың зейнеткерлікке, яғни құрметті демалысқа шығатыны белгілі. Бұл шақты ақындар «Алтын күзге», философтар «Даналық кезеңіне» теңейді. Қалай болғанда да қазыналы қарттық шақ – адам өміріндегі ең бір маңызды кезеңдердің бірі. Иә, зейнет жасында ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, немере сүйіп, солардың қызығына тоймай, шалқып жүргенге не жетсін!

Толығырақ...

Мен шет ауылда тұрамын, аудан орталығы алыста. Мен секілділерге зейнетақы қызметтерін қолжетімді ету үшін Қорда қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр?
Бүгінде еліміздің шалғай аудандарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Мобильдік кеңсе» деп аталатын жобасы ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба шалғайда орналасқан елдімекендер мен бөлімшелері жоқ аудандардың тұрғындарын зейнетақы қызметтерімен толыққанды қамту мақсатында қолға алынған. Соған сәйкес Қор филиалдарының мамандары халықтың әр түрлі әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істейді. Олардың арасында қандай да бір себептермен кеңсеге келе алмайтын адамдар да бар. Жоба аясында қызмет көрсету үшін шағын автобус пайдаланылады.

Толығырақ...

Мен таяуда декреттік демалысқа шықтым. Осыған байланысты жұмыс беруші менің зейнетақы қорындағы шотыма әрі қарай зейнетақы жарналарын төлей ме? Бұдан басқа, бала күтімімен үйде отырған әйелдерге бюджет есебінен субсидия бөлінетіндігін естідім. Осы рас па?

«Субсидия» деген сөз мемлекет тарапынан ақшалай көмек көрсетіледі дегенді білдіреді. Бұл жерде әңгіме «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларымен» бекітілген және бала күтімімен үйде отырған аналарға қолдау көрсету үшін енгізілген.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бюджет есебінен субсидияланады және әлеуметтік төлемдерді алушылардың пайдасына Қорға ай сайын төленеді. Яғни, бала бір жасқа толғанға дейін жеке зейнетақы шотына бюджет және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорыесебінен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы ай сайын зейнетақы жарналары аударылады.
Мемлекеттік субсидия үшін құжат жинап, табалдырық тоздырып, өтініш берудің керегі жоқ. Ол бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу барысында есептеліп, зейнетақы шотына автоматты түрде аударылады.

Бала күтіміне байланысты декреттік демалыстағы әйелдер үшін бөлінетін бюджеттік субсидияны ескере отырып, ай сайын аударылатын зейнетақы жарнасының мөлшерін қалай есептеуге болады?

Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) жиынтық мөлшеріәлеуметтік аударымдарды есептеу нысаны ретінде есепке алынған табыстың 10 пайызын құрайды. Бұл ретте әрине, бюджеттік субсидия мен бала бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерден ұсталатын МЗЖ ескеріледі. Мысалы, жалақы табыс ретінде қаралуы мүмкін. Бірақ оның көлеміне қатысты шектеу бар. 2019 жылдан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу көзі ретінде алынатын ай сайынғы табыстың мөлшері ең төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс (42500*7= 297 500 теңге).
Зейнетақы шотына аударылатын ай сайынғы бюджеттік субсидияның мөлшері – әлеуметтік аударымдарды есептеу нысаны ретінде алынған орташа айлық табыстан есептелетін МЗЖ мен бала күтіміне байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (Қор) берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталатын МЗЖ арасындағы айырма сомасы ретінде белгіленеді. Осылайша, әлеуметтік аударымдарды есептеу нысаны ретінде алынған орташа айлық табыстың 10 пайызының 4 пайызы бала күтіміне байланысты Қордан берілетін әлеуметтік төлемдердің есебінен, ал 6 пайызы бюджет есебінен төленеді.
Мысалы, әлеуметтік аударымдарды есептеу нысаны ретінде алынған орташа айлық табыс, яғни жалақы – 100 000 теңге делік. Бұл жағдайда, Қордан бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері – 40 000 теңге (орташа айлық табыстың 40 пайызы) болады. Сәйкесінше әлеуметтік төлемдер есебінен аударылатын МЗЖ – 4 000 теңге.
Субсидияның есептелген мөлшері (СУБ – міндетті зейнетақы жарналарының
ай сайынғы бюджеттік субсидия мөлшері):
СУБ= (100 000 * 10%) — (40 000 *10%) = 6 000 теңге
Осы есептеулерге сәйкес ай сайынғы міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері – 10 000 теңге болады. Демек аналардың зейнетақы шотына республикалық бюджеттен жылына 72 000 теңге аударылады.
Осылайша, декретке дейін жұмыс істеген және жүктілік бойынша демалысқа шыққан әйелдерге баласы бір жасқа толғанша зейнетақы шотына орташа ай сайынғы табыстың 10 пайызы түсіп отырады.

Менің еңбек өтілім өте аз. Жұмыс істеуге ұзақ уақыт мүмкіндігім болмады. Енді мен болашақта қандай зейнетақыға үміт арта аламын?

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы жаңа әдістеме бойынша тағайындалып жатыр. Оған дейін базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде төленіп келді. Енді оны тағайындарда зейнеткердің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі. Егер ол жоқ немесе 10 жылға дейін болса, онда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 2019 жылы бұл сома – 16 037 теңгені құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін базалық зейнетақының көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 пайызына ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан көп болса, онда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең.
2019 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі 29 698 теңге.
Егер 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі 6 айдан кем болмаса, онда ортақ зейнетақы да тағайындалады. Бұл ретте мемлекеттік бюджеттен төленетін жасына байланысты ортақ зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап (күні бүгінге дейінгі аралық) жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табыстың негізінде есептеледі.
Әрине, жиынтық зейнетақының басым бөлігін жинақтаушы зейнетақы басуы керек. Егер қандай да бір себеппен міндетті зейнетақы жарналары төленбеген болса, оны ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен де толықтыруға болады.
Жеке тұлға бұл жарналарды өз табысы есебінен үшінші бір тұлғаның атына да аудара алады. Бұл жағдайда үшінші тұлға да жеке басын куәландыратын құжатпен Қорға келуі тиіс. Қажет жағдайда салымшы мен алушының орнына олар сенім білдірген тұлға да нотариат куәландырған сенімхат негізінде өтініш бере алады.
Айта кетелік, кәмелетке толмаған тұлғалардың да ерiктi зейнетақы жарналары бойынша шот ашуға мүмкіндігі бар. Бұл ретте шартқа кәмелетке толмаған тұлғаның атынан оның заңды өкілі қол қояды.
Заңды тұлғалар да өз кезегінде жеке тұлғалардың, мысалы өз қызметкерлерінің атына ерікті зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Олар әдетте мұны қол астындағы мамандарды еңбекке ынталандыру мақсатында жасайды. Заңды тұлғалар ұсынатын құжаттар топтамасы enpf.kz сайтында орналастырылған.

Мен шетелге қоныс аудармақпын. Зейнетақы жинақтарымды қалай алуға болады? Оның жолдары қандай?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары заңнамада көрсетілген жағдайлар туындаған кезде ғана беріледі. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн бір мезетте алуға құқығы бар.Бұл ретте бір айта кететін жәйт, басқа елдің азаматтығын алмас бұрын, заң талаптарына сәйкес шетелге кетуге қатысты құжаттарды ресми түрде рәсімдеу керек. Басқа елдің азаматтығын алып болған соң ғана, БЖЗҚ-ға келіп құжаттарды ұсынуға болады.Сонымен қатар, Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, кету ниетiн немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақтарын алуға да құқылы.
Осылайша БЖЗҚ заң талаптарына сәйкес қажетті құжаттарды қабылдаған соң, 10 жұмыс күні ішінде зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады.
Толық ақпарат enpf.kz сайтында көрсетілген.

Таяуда екінші топтағы мүгедектік алдым. Соған байланысты лайықты ем қабылдау үшін зейнетақы жинақтарын алуға құқы бар ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес Қордан зейнетақы төлемдері бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі мерзiмсiз болып белгiленген жандарға да төленеді. БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпте жүзеге асыруға міндетті. Бұл тәртіп, оның ішінде Қордан бекітілген тәртіп бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасын есептеу «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларында» бекітілген.Осылайша, егер екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз болып бекітілсе, Сіз Қордан зейнетақы төлемдерін бекітілген кесте бойынша ай сайын ала аласыз.

2019 жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,4 трлн теңгені құрап, соңғы 12 ай ішінде 1,6 трлн теңгеге көбейді. Еске сала кетелік, былтырғы жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңге болған еді. Осы кезең ішінде салымшылардың шоттарына үлестірілген зейнетақы активтерінің өсімі 21 пайызға жетті. Бұл ретте зейнетақы активтері зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыстан құралатындығын еске саламыз.
2019 жылдың қаңтар айында зейнетақы түсімдерінің сомасы 70,8 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 65,3 млрд теңге болды. Сәйкесінше бір жыл ішіндегі өсім 5,5 млрд теңгеге жетіп отыр. Бұл ретте түсімдердің басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналарына (МЗЖ) тиесілі – 66,5 млрд теңге. Қаңтар айында барлығы 4,9 млн міндетті зейнетақы жарналары түскен. Жарналардың орташа сомасы 13,7 мың теңгені құрады.

Толығырақ...

2019 жылдың қаңтар айында БЖТ төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 3 655 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге 4019 жарна (1,1 млн теңге қала тұрғындарынан, ал 948 мың теңге ауыл тұрғындарынан) келіп түсті.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды. Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады. Осылайша БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады.

Толығырақ...

2019 жылдың қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының базасында автоматты түрде 9 409 жеке зейнетақы шоты ашылды
2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы да жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның Қорда міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Ол туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілді.
Бұл ретте жеке тұлға жарналарды аудару барысында төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша танылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

Толығырақ...

2019 жылдың қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 253,4 мың салымшыдан, яғни жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеге 768,6 мың жарна келіп түсті.
«Қазақстан республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты, мынадай өзгерістер күшіне енді:
– егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болатын болса, онда олар фрилансерлер үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлейтін агентке айналады. Бұл ретте жарналар жеке тұлғаның алатын табысының 10 пайызы мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.

Толығырақ...

ҚР Президенті


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
tokaev
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті


Мемлекет басшысының жолдауы

memlekettyk kyzmet

Сенім телефоны

"Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңын және мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін Қарғалы аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлерімен бұзу мәселелері бойынша «Сенім» телефоны арқылы хабарласуға болады:

senim telefon

8 (71342)-22-2-91

anticor KZ