Сайттың мәзірі

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабына сәйкес
1. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi.
2. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталып, мәслихат өкiлеттiгi тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.
3. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi мынадай жағдайларда:
• депутат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
• депутатты әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет ету қабiлетi шектеулi деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;
• мәслихаттық өкiлеттiгi тоқтатылса;
• депутат қайтыс болған, депутатты хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы сот шешiмi не оны қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген;
• ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан тоқтатса;6) соттың депутатқа қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;
• тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстен тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;
• депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты;
• депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде мәслихат сессиясының немесе құрамына өзi сайланған мәслихат органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
4. Депутаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сессиясында қабылданады.
5. Алынып тасталды.
6. Өз қызметiн мемлекеттiк бюджет есебiнен ақы төленетiн тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарының кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, шаруашылық субъектiсiн басқаруға дербес қатысуға, педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, ақы төленетiн басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

ҚР Президенті


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
tokaev
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті


Мемлекет басшысының жолдауы

memlekettyk kyzmet

Сенім телефоны

"Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңын және мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін Қарғалы аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлерімен бұзу мәселелері бойынша «Сенім» телефоны арқылы хабарласуға болады:

senim telefon

8 (71342)-22-2-91

anticor KZ