Отырысқа комиссия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат хатшысы, аудандық прокуратура өкілі, аудандық жер қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия мүшелері, аудандық әкімдіктің бөлім басшылары қатысты.
Ақтөбе облысының прокуратурасы анықтаған 2020,2021 және 2022 жылдар кезеңінде шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер беру жөніндегі конкурстарды өткізу бөлігінде заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы мәселесі қаралды. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А. Жұмағерей баяндама жасады.
Мәселені талқылағаннан кейін комиссия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары өз ескертпелері мен ұсыныстарын енгізді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.
2022 жылдың 12 шілдесінде Қарғалы аудандық мәслихатының хатшысы С.Аманжолов бастаған халық қалаулылары «Депутаттық бақылау» аясында Петропавлов ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, екі пәтерлі үш коммуналдық тұрғын үйдің құрылысымен және Қосестек ауылындағы су мұнарасының жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Жұмыс барысын зерделеген халық қалаулылары мердігер ұйым өкілі мен нысандардың тапсырыс берушілеріне өз ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
2022 жылғы 28 маусымда аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес мәслихат депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі Т.Глуханькова Ащылысай ауылдық округінде азаматтарды жеке қабылдады.
Депутат жеке сипаттағы сұрақтарға жауап беріп, ауылды газдандыру және округ ауылдарын абаттандыру мәселелері бойынша түсініктеме берді.
2022 жылдың 27 маусымында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен жұмыс тобының отырысы және аудандық мәслихат депутаттарының, комиссия мүшелерінің, ауылдық округ әкімдерінің, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің және аудан әкімдігінің бөлім басшыларының қатысуымен аудандық мәслихаттың 18 кезектен тыс сессиясы өтті.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен жұмыс тобының отырысында ауылдық округтердің бюджеттеріндегі өзгерістер мен толықтырулар қаралды, кезектен тыс сессияда округ бюджеттеріндегі және аудандық бюджет комиссиясының құрамындағы өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.
Аудандық мәслихат депутаттары барлық мәселелерді талқылап, өз ескертпелерін, ұсыныстарын енгізіп, талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
2022 жылғы 27 маусымда сағат 11.00-де Қарғалы аудандық мәслихаттың кезектен тыс 18-і сессиясы келесі мекен жайы бойынша өткізіледі:
Қарғалы ауданы Бадамша ауылы Әбілқайыр хан көшесі 38, аудан әкімдігінің ғимараты, мәжіліс залы
Күн тәртібі:
2022 жылдың 10 маусымында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен жұмыс тобының отырыстары және аудандық мәслихат депутаттарының, комиссия мүшелерінің, аудан әкімі А.Жүсібалиевтің, ауылдық округ әкімдерінің, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің және аудан әкімдігінің бөлім басшыларының қатысуымен аудандық мәслихаттың 17 кезекті сессиясы өтті.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен жұмыс тобының отырысында аудандық бюджеттегі өзгерістер қаралды, кезекті сессияда аудандық бюджеттің, округтер бюджеттерінің атқарылуы, аудандық бюджеттегі өзгерістер бекітілді және басқа да мәселелер қаралды.
Аудандық мәслихат депутаттары барлық мәселелерді талқылап, өз ескертпелерін, ұсыныстарын енгізіп, талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
2022 жылғы 8 маусым күні мәслихат депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі Ш.Аманжол аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес Қосестек ауылдық округінде азаматтарды жеке қабылдады.
Жеке сұрақтарға жауап беріп, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу және көшелерді түнгі жарықтандыру мәселелері бойынша кеңес берді.
ХАБАРЛАНДЫРУ
2022 жылдың 10 маусымында сағат 10.00-де Қарғалы аудандық мәслихаттың кезекті 17-і сессиясы келесі мекен жайы бойынша өткізіледі:
Қарғалы ауданы Бадамша ауылы Әбілқайыр хан көшесі 38, аудан әкімдігінің ғимараты, мәжіліс залы
2022 жылғы 1 маусымда мәслихат депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі Т.Глуханькова балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларға қатысты, балаларға тәтті шай және жеміс-кәмпит тағамдары ұйымдастырылды.
2022 жылдың 30 мамырында мәслихат депутаты, «АМАНАТ» партиясының мүшесі А.Қартбаева аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес Бадамшы ауылдық округінің азаматтарына жеке қабылдауын өткізді.
Жеке сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік қызметшілерді баспана алу үшін кезегіне қою мәселесі бойынша кеңестер берді.
2022 жылдың 26 мамырында мәслихат депутаты, «АМАНАТ» партиясының мүшесі Т.Глуханькова аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес Ащылысай ауылдық округінде азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.
Депутат жеке сипаттағы сауалдарға жауап бергеннен кейін жолдарды тегістеу, көшелерді жарықтандыру және ауылды газдандыру мәселелері бойынша түсіндірмелер берді.
ктера, депутат дала разъяснения по вопросам грейдеровки дорог, уличного освещения и газификации села.
Баршаңызға белгілі, Қазақстанда осы жылдың 5 маусымында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін республикалық референдум өтеді. "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы "2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?" деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылады.
20.05.2022 жылы Қарғалы аудандық мәслихатының депутаттары референдумды талқылады. Депутаттар референдум туралы өз пікірлерін білдіріп, оның өткізілуін қолдады. Олар референдум өткізу ауданымыздың әрбір тұрғынына Отанымыздың болашағын айқындайтын маңызды оқиғаға тікелей қатысуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондықтан мәслихат депутаттары ауданның барлық тұрғындарын Қазақстанның демократиялық дамуына өз үлестерін қосу үшін 2022 жылғы 5 маусымда сайлау учаскелеріне келуге шақырды.
20.05.2022ж. аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен жұмыс тобының отырыстары өткізілді.
Отырысқа комиссияның, жұмыс тобының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар, аудандық қоғамдық кеңес, БАҚ өкілдері, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы мәселелер, аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі облыстық тексеру комиссиясының есебі, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы қаралды. Аудандық мәслихаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының міндетін атқарушы А.Балғазин аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындымен баяндама жасады.
Жер заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету, жерді қорғау және пайдалану талаптары бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің қызметі, сондай-ақ ауданның мәдениет және спорт мекемелері қызметінің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары туралы мәселелер қаралды.
Мәселелерді талқылағаннан кейін комиссияның, жұмыс тобының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары өз ескертпелері мен ұсыныстарын енгізді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
"Ақпараттық сағатта" Қарғалы аудандық мәслихат аппаратының қызметшілері ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды талқылады. Олар мұндай өзгерістерді атап өтті: "жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі, Қазақстан Президентінің жақын туыстары саяси мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ, Республика Президенті саяси партияда болмауға, елде Конституциялық сотты қайта жаңғыртуға, Парламент пен мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту» осы және басқа да өзгерістер біздің қоғамымыз бен жалпы еліміздің демократиялық қайта құрылуына алып келеді.
Мәслихат аппаратының қызметшілері референдумды өткізуді қолдап, өз таңдауын жасау үшін ағымдағы жылдың 5 маусымда өздерінің сайлау учаскелеріне келуге шешім қабылдады.
Отбасы күнін мерекелеу аясында аудандық мәслихаттың депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі Т.Глуханькова 2022 жылғы 16 мамыр күні Ащылысай ауылдық округінің қоғамдық белсенділерімен бірге көпбалалы отбасыларға барып, оларды мерекемен құттықтап, жеміс-кәмпит себеттерін табыс етті.
Жеңіс күні қарсаңында аудандық мәслихаттың депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі Т.Глуханькова Ащылысай ауылдық округінің әкімі А.Биманбаевпен бірге тыл ардагерлерін мерекемен құттықтап, азық-түлік пакеттерін тапсырды
2021 жылғы 9 мамырда Жеңіс күні аудандық мәслихаттың депутаты, "Ауыл" партиясының мүшесі А.Баймышев Степной ауылдық округінің әкімі Ғ.Нұредиловамен бірге даңқ обелискінің етегіне гүл шоқтарын қойды.
2022 жылғы 9 мамырда аудандық мәслихаттың хатшысы С.Аманжолов "AMANAT" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Заглядовамен бірге аудан орталығында Даңқ обелискінің етегіне гүл шоқтарын қою шарасына қатысты.
Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – 9 мамыр - Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн!
Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілеймін!
Жеңістің туы желбіреп, еліміздің абыройы арта берсін!
Игі тілекпен,
Қарғалы аудандық мәслихатының хатшысы С.Аманжолов
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке жауынгерлік айбынның, Отан сүйгіштіктің, тарихи дәстүр сабақтастығының және елге қызмет етудің нышаны болып табылады.
Сіздерге еліміздің өркендеуі жолындағы атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін!
Игі тілекпен,Қарғалы аудандық мәслихатының хатшысы С.Аманжолов