Меню сайта

Қарғалы ауданының мәслихаты өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңына және мәслихат жұмысының регламентіне сәйкес жүргізеді.

Жолдау.
ҚР Президентінің халыққа Жолдауы жарияланған соң, Қарғалы аудандық мәслихатының депутаттары алғашқылар легінде аудан тұрғындарына бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді дәстүрге айналдырды. Барлық депутаттар осы жұмысқа толық қатысуда.
Біз заңнамамен берілген өкілеттіктерді тиімді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауындағы стратегияны қолдайтынымызды, депутаттық белсенділікті арттырып, атқарушы билікпен, ауылшаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен, бизнес құрылымдарымен бірлесіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін бар күшімізді салып жұмыс істейтіндігімізге сіздерді сендіргім келеді.

Сайлаулар.
Өздеріңіз куә болғандай, 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өткен болатын. Сайлау партиялық тізім бойынша өтті. Пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сәйкес келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың қызметін жандандырады. Бұл жаңашылдықтар партияларға елдің саяси жүйесіндегі өз позицияларын нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер берді.

Жалпы, аудандық мәслихаттың депутаттық корпусы 11 депутатты құрайды. Оның ішінде 9 депутат «Nur Otan» партиясынан, бір депутат «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан және бір депутат «Ақжол» демократиялық партиясынан.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 тамыздағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауы туралы Жарлығына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихатының депутаттары таңдаушылар ретінде қатысты.
Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының нормаларына сәйкес депутаттар және аудандық мәслихат аппараты сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына аудандық сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізеді. Есепті кезеңде депутаттар Әлімбет, Степной және Бадамша ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына қатысты.

Сессиялар.
Заңмен анықталғандай, мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер шешіледі. Аудандық мәслихат депутаттары есепті кезеңде 14 сессия өткізді, атап айтсақ олар 4 кезекті және 10 кезектен тыс сессиялар. Депутаттар аудандық бюджетті нақтылауды 2020 жылы - 11 рет өткізді.
Барлық жүргізілген нақтылаулар, бірінші кезекте, үнемделген қаржыны қайта бөлумен және басым мәселелерді шешуге бағытталған қаражаттарға байланысты болды. Есепті жылы барлығы 135 шешім қабылданды, олардың 64-і нормативтік - құқықтық сипатқа ие болды және аудандық мәслихаттың қолданыстағы нормативтік - құқықтық актілеріне өзгерістер енгізуді ескере отырып, әділет органдарында тіркелді. Жалпы, қазіргі уақытта қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер саны – 11.
Заңнаманы қарқынды дамытуға және жаңғыртуға байланысты, сондай-ақ бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде жоба енгізуші органдармен бірлесіп мәслихаттың қолданыстағы нормативтік - құқықтық шешімдеріне мониторинг жүргізіледі, қолданыстағы актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар уақтылы енгізіледі. Ауданның әлеуметтік - экономикалық даму мәселелері әрдайым басым болып, қала беретінін де атап өткен жөн.
Жалпы, аудандық мәслихаттың сессиясында бекітілген шешіміне сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихатының 2020 жылға арналған жұмыс жоспары толық көлемде орындалды деп айтуға болады.

Постоянные комиссии районного маслихата.
Согласно действующему законодательству депутаты районного маслихата осуществляют свои полномочия также и через постоянные комиссии маслихата.
С начала работы шестого созыва, в Каргалинском районном маслихате осуществляют свою деятельность три постоянные комиссии. За истекший период комиссиями была проведена значительная работа, которая была акцентирована на реализации основных направлений государственной политики и непосредственно на связьс избирателями в сельских округах. Проведено двадцать три заседания. Были рассмотрены тридцать пять актуальных вопросов, в том числе11 вопросов по рассмотрению проектов решений по внесению изменений в бюджеты.По итогам заседаний материалы по бюджету направлялись на утверждение на сессию маслихата.
Районным маслихатом также практикуются проведение выездных заседаний. Все они проходят в расширенном формате, с обязательным участием жителей, членов местного сообщества, районного общественного совета, средств массовой информации и руководителей государственных организаций. Проведено четыре выездных заседаний постоянных комиссий.
Подробно я не буду останавливаться на работе каждой комиссии, так как председатели комиссий отчитались о своей работе на сессии маслихата в декабре месяце 2020 года.

Депутаттық бақылау.
Депутаттар аудандағы әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөнделуін үнемі бақылауда ұстайды. Ағымдағы жылы депутаттар Бадамша ауылындағы 70 орындық интернаты бар 300 орындық мектеп, дене шынықтыру - сауықтыру кешені, Бадамша ауылындағы 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй, Қос - Естек, Петропавл, Әлімбет ауылдарындағы әкімшілік ғимараттар құрылысы нысандарын аралады, сондай - ақ Бадамша ауылындағы көшелердің жарықтандырылуы мен басқа да нысандарға бақылау жүргізді.
Депутаттар жыл сайын басты мәселелердің бірі ретінде «Тұрғын үй қорының және әлеуметтік - мәдени мақсаттағы нысандардың жылу беру маусымына дайындығы туралы» сұрақты қарайды. Осы мәселені жан-жақты қарау мақсатында депутаттар Бадамша ауылындағы жылу-сумен жабдықтау нысандарын (№1 қазандық, үшінші көтерілімдегі сорғы станциясы), сондай-ақ ауылдық округтердегі әлеуметтік нысандарды аралады. Осылай аралаудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган мен нысандардың басшыларына тиісті ұсынымдар берілді.
Депутаттар есепті кезеңде 32 нысанды аралады.

Мониторингтік топтар.
Елде короновирустың COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланғаннан кейін, депутаттар аудандық жедел штаб пен мониторингтік топтардың қызметіне белсенді қатысты. Аудандық маслихат депутаттары мониторингтік топ құрамында кәсіпкерлер мен аудан тұрғындарына консультативтік – түсіндіру және тәжірибелік көмек көрсетті.
Депутаттар ауданда шектеу енгізу кезеңінде халықтың әрекет ету тәртібі, қандай да бір жағдайда өзін қалай ұстау керектігі, халықтың әртүрлі санаттарына әлеуметтік көмек алу тетіктері, үйде оқшаулау ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сауда нүктелеріне, дәріханаларға және басқа да маңызды нысандарға жүйелі түрде барып, бірінші кезекте қажетті азық - түлік бағаларына, өткізілетін дезинфекциялық іс - шараларға және санитарлық - эпидемиологиялық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізді.
Аудандық мәслихат депутаттары мұқтаж отбасыларға азық - түлік пакеттері түрінде қайырымдылық көмектерін көрсетті, короновирусты емдеуге арналған қымбат дәрі - дәрмектер сатып алып, аудандық ауруханаға тапсырды.
Петропавл ауылында аудандық мәслихат депутаты Ж.Көлжанов біршама жұмысқа ұйытқы болып, бір топ кәсіпкерлермен, шаруа қожалық басшыларымен бірігіп, оттегі концентраторы аппаратын сатып алды. Бұл қымбат тұратын аппарат жергілікті дәрігерлік амбулаторияға тапсырылды. Сондай - ақ, амбулатория ұжымына ақшалай сыйлықтар берілді.

Азаматтарды жеке қабылдау және сайлаушылармен кездесулер.
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында және аудандық мәслихаттың сайтында жарияланады. Депутаттар бекітілген кестеге сәйкес ауыл тұрғындарын қабылдады. Бірақ, көбінесе қабылдау кестеден тыс өтті, өйткені тұрғындардың мәселелеріне тез жауап беру қажет болды.
2020 жылы сайлаушылармен 9 кездесу және 34 азаматтарды жеке қабылдау өткізілді. Барлық мәселелер бойынша шаралар қабылданып, консультативтік және түсіндірме көмек көрсетілді. Негізінен, материалдық көмек көрсету, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, жұмысқа орналастыру, тұрғын үй бөлу, жолдарды жөндеу және тазалау, сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өтініштер түсті.

Депутаттық сауалдар.
Сайлаушылардың мәселелерін шешу үшін депутаттық сауалдар, өтініштер, хаттар тиісті ұйымдарға жіберіледі. Есепті кезеңде 5 депутаттық сауал жолданды, қойылған мәселелер ішінара шешілді. Талдау нәтижелеріне сүйене отырып, депутаттық сауалдардың негізгі бөлігі әлеуметтік салаға, тұрғын үй беру және денсаулық сақтау мәселелеріне арналғанын атап өткен жөн.

Демеушілік және қайырымдылық көмектер.
Демеушілік және қайырымдылық көмекті жүзеге асыру үшін аудан депутаттарымен әр түрлі жұмыстар жүргізілуде. Мұқтаж отбасыларға көмек тетіктері қосылды және жұмыс істеуде. 2020 жылы депутаттар мынадай жұмыстар жүргізді:
- «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан он төрт оқушыға 310000 теңгеге мектеп костюмдері мен мектеп керек - жарақтары сатып алынды.
«Ағаш отырғыз» акциясы аясында Бадамша ауылының саябағында 85000 теңгеге жеміс ағаштары отырғызылды;
- «Қарттар күніне» орай зейнеткерлерге 195000 теңгеге азық – түлік жиынтықтары мен сыйлықтар табысталды;
–Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күнін мерекелеуге тыл еңбеккерлеріне 185000 теңге сомасына азық – түлік жиынтықтары мен сыйлықтар берілді.
Жоғарыда атап өткенімдей, депутаттар ұйымдастыруымен Петропавл және Ш. Қалдаяқов ауылдарының амбулаторияларына жалпы құны 800000 теңге құрайтын сатып алынды:
Сонымен қатар, Петропавл, Ш.Қалдаяқов ауылының амбулаториясында жұмыс істейтін ұжымның 17 мүшесіне 155000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етті;
- аудандық ауруханаға 195000 теңгеге COVID-19 және пневмонияны емдеу үшін қажетті дәрі–дәрмектер тапсырылды.
Жалпы, 2020 жыл бойынша демеушілік және қайырымдылық көмек - 1 925 000 теңгеге көрсетілді.

Депутаттардың жұмысын БАҚ-та жариялау.
Президент белгілеген мемлекеттік саясаттың бағытына сүйене отырып, аудандық мәслихаттың жұмысы бойынша депутаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы, соның ішінде сайт пен әлеуметтік желілердегі қызметі туралы ақпараттық- жұмыстарын жүргізу мақсатында 82 материал жарияланды.

Президент РК


Нурсултан Абишевич Назарбаев - Первый Президент Республики Казахстан - Елбасы
tokaev
Касым-Жомарт Кемелевич Токаев - Президент Республики Казахстан


«Послание Президента Республики Казахстан»

memlekettyk kyzmet

Телефон доверия

ГУ «Аппарат Каргалинского районного маслихата» для обращения по вопросам нарушений норм антикоррупционного законодательства, Закона Республики Казахстан «О государственной службе» и Этического кодекса государственных служащих работниками аппарата Каргалинского районного маслихата сообщает телефон «Доверия»:

senim telefon

8 (71342)-22-2-91

anticor RU