Баршаңызға белгілі, Қазақстанда осы жылдың 5 маусымында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін республикалық референдум өтеді. "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы "2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?" деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылады.
20.05.2022 жылы Қарғалы аудандық мәслихатының депутаттары референдумды талқылады. Депутаттар референдум туралы өз пікірлерін білдіріп, оның өткізілуін қолдады. Олар референдум өткізу ауданымыздың әрбір тұрғынына Отанымыздың болашағын айқындайтын маңызды оқиғаға тікелей қатысуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондықтан мәслихат депутаттары ауданның барлық тұрғындарын Қазақстанның демократиялық дамуына өз үлестерін қосу үшін 2022 жылғы 5 маусымда сайлау учаскелеріне келуге шақырды.
20.05.2022ж. аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен жұмыс тобының отырыстары өткізілді.
Отырысқа комиссияның, жұмыс тобының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар, аудандық қоғамдық кеңес, БАҚ өкілдері, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы мәселелер, аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі облыстық тексеру комиссиясының есебі, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы қаралды. Аудандық мәслихаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының міндетін атқарушы А.Балғазин аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындымен баяндама жасады.
Жер заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету, жерді қорғау және пайдалану талаптары бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің қызметі, сондай-ақ ауданның мәдениет және спорт мекемелері қызметінің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары туралы мәселелер қаралды.
Мәселелерді талқылағаннан кейін комиссияның, жұмыс тобының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары өз ескертпелері мен ұсыныстарын енгізді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
"Ақпараттық сағатта" Қарғалы аудандық мәслихат аппаратының қызметшілері ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды талқылады. Олар мұндай өзгерістерді атап өтті: "жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі, Қазақстан Президентінің жақын туыстары саяси мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ, Республика Президенті саяси партияда болмауға, елде Конституциялық сотты қайта жаңғыртуға, Парламент пен мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту» осы және басқа да өзгерістер біздің қоғамымыз бен жалпы еліміздің демократиялық қайта құрылуына алып келеді.
Мәслихат аппаратының қызметшілері референдумды өткізуді қолдап, өз таңдауын жасау үшін ағымдағы жылдың 5 маусымда өздерінің сайлау учаскелеріне келуге шешім қабылдады.
Отбасы күнін мерекелеу аясында аудандық мәслихаттың депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі Т.Глуханькова 2022 жылғы 16 мамыр күні Ащылысай ауылдық округінің қоғамдық белсенділерімен бірге көпбалалы отбасыларға барып, оларды мерекемен құттықтап, жеміс-кәмпит себеттерін табыс етті.
Жеңіс күні қарсаңында аудандық мәслихаттың депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі Т.Глуханькова Ащылысай ауылдық округінің әкімі А.Биманбаевпен бірге тыл ардагерлерін мерекемен құттықтап, азық-түлік пакеттерін тапсырды
2021 жылғы 9 мамырда Жеңіс күні аудандық мәслихаттың депутаты, "Ауыл" партиясының мүшесі А.Баймышев Степной ауылдық округінің әкімі Ғ.Нұредиловамен бірге даңқ обелискінің етегіне гүл шоқтарын қойды.
2022 жылғы 9 мамырда аудандық мәслихаттың хатшысы С.Аманжолов "AMANAT" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Заглядовамен бірге аудан орталығында Даңқ обелискінің етегіне гүл шоқтарын қою шарасына қатысты.
Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – 9 мамыр - Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн!
Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілеймін!
Жеңістің туы желбіреп, еліміздің абыройы арта берсін!
Игі тілекпен,
Қарғалы аудандық мәслихатының хатшысы С.Аманжолов
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке жауынгерлік айбынның, Отан сүйгіштіктің, тарихи дәстүр сабақтастығының және елге қызмет етудің нышаны болып табылады.
Сіздерге еліміздің өркендеуі жолындағы атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін!
Игі тілекпен,Қарғалы аудандық мәслихатының хатшысы С.Аманжолов
2022 жылдың 6 мамырында сағат 11.00-де Қарғалы аудандық мәслихаттың кезектен тыс 16-і сессиясы келесі мекен жайы бойынша өткізіледі:
Қарғалы ауданы Бадамша ауылы Әбілқайыр хан көшесі 38, аудан әкімдігінің ғимараты, мәжіліс залы
Күн тәртібі:
Аудандық мәслихаттың
хатшысы С.Аманжолов
Сіздерді 1 Мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ - береке тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Игі тілекпен,
Қарғалы аудандық мәслихатының хатшысы С.Аманжолов
2022 жылғы 29 сәуірде мәслихат депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі А.Қартбаева аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес Бадамша ауылдық округінің азаматтарын жеке қабылдауға қабылдады.
Жеке сұрақтарға жауап беріп, "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша 16 жастан бастап жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша кеңес берді.
2022 жылғы 28 сәуірде мәслихат депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі Т.Глуханькова аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес Ащылысай ауылдық округінде азаматтарды жеке қабылдады.
Депутат жеке сипаттағы сұрақтарға жауап беріп, округ ауылдарын абаттандыру және санитарлық тазалау мәселелері бойынша түсіндірме берді.
2022 жылдың 8 сәуірінде аудандық мәслихат депутаттарының, аудан әкімінің орынбасары Б.Айдосовтың, ауылдық округ әкімдерінің, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, БАҚ және аудан әкімдігінің бөлім басшыларының қатысуымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 15 сессиясы өтті. Сессияда ауылдық округтердің бюджеттеріндегі өзгерістер бекітіліп, Қарғалы ауданы бойынша терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның құрамын бекіту, аудандық мәслихаттың "Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы мен штат кестесі, қызметтік автомобильдер лимиті туралы» және "Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы" шешімдеріне өзгерістер енгізу бойынша мәселелер қаралды.
Аудандық мәслихат депутаттары барлық мәселелерді талқылап, өз ескертпелерін, ұсыныстарын енгізіп, талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
2022 жылғы 31 наурызда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен жұмыс тобының бірлескен кеңейтілген отырысы өтті, онда аудан аумағында су тасқынына қарсы қажетті жұмыстарды орындау үшін тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы туралы, халықты жұмыспен қамту орталығының 2021 жылғы жұмысы туралы, оның ішінде аудан халқына гранттар беру жөніндегі жұмысы және 2022 жылға арналған жоспарлар мен ұсыныстар, аудандық полиция бөлімінің 2021 жылғы жұмысы және 2022 жылға арналған жоспарлары, ауылдық округтер мен аудан бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтар қаралды.
2022 жылдың 4 сәуір күні аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес мәслихат депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі Ж. Мұстафина Желтау ауылдық округінде азаматтарды жеке қабылдады.
Жеке сұрақтарға жауап бере отырып, депутат округтегі тұрғын үйлерді су басуына жол бермеу бойынша билік тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы түсінік берді.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қарғалы аудандық мәслихатының депутаттары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын талқылап, оның реформаторлық рухын атап өтті. Ел өмірінің көптеген салаларында қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған реформалар жүргізілетін болады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен мәслихаттардың рөлі күшейіп келеді. Депутаттар Жолдауды аудандық деңгейде жүзеге асыруға өз үлестерін қосу туралы шешім қабылдады.
2022 жылғы 29 наурызда аудандық мәслихат бекіткен кестеге сәйкес мәслихат депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі Т.Глуханькова Ащылысай ауылдық округінде азаматтарды жеке қабылдады. Жеке сұрақтарға жауап бере отырып, депутат мемлекеттік жер қорынан мал суару және бау-бақша суару үшін жасанды бөгет салу үшін жер телімін беру мәселесі бойынша түсініктеме берді.
2022 жылғы 31 наурызда сағат 15.00-де Қарғалы аудандық мәслихаттың кезекті 14-ші сессиясы келесі мекен жайы бойынша өткізіледі: